Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

BaGi - Жырақтама жанымнан | Текст песни

Жырақтама жанымнан

Қайырмасы:
Жырақтамашы менен, мен өзіңнен сұранамын,
Қаламаймын, шыны керек, қос жүректің жылағанын.
Жылағанын қаламаймын сенің қара көздеріңнің,
Ал, мағынасын түсін менің айтқан сөздерімнің.
Жырақтамашы менен, жырақтама,
Алыстамашы, сұранамын...

Мен қателестім, сол үшін айрылдық екеуміз,
Тағдыр жазғаннан кейін, амал жоқ енді, қайтеміз.
Қайтеміз қозғап оралмайтын тақырыпты,
Өмір – өзен, бізді екі арнамен ағызыпты.
Отырмын жалғыз қоңыр күздің құшағында,
Таныс аула, әрине, сенің үй жағыңда.
Сені көрермін деп қарайлаймын терезеңе,
Шамдарың өшірулі, үнсіздік терезеңде.

Қайырмасы: (х2)
Жырақтамашы менен, мен өзіңнен сұранамын,
Қаламаймын, шыны керек, қос жүректің жылағанын.
Жылағанын қаламаймын сенің қара көздеріңнің,
Ән-мағынасын түсін менің айтқан сөздерімнің.
Жырақтамашы менен, жырақтама,
Алыстамашы, сұранамын...

Білемін, сүйесің, мен де сені сүйемін де,
Осыған қарамастан біз бөлекпіз түсінбедім де.
Түсінбедім, екеумізге не болды, айтшы маған,
Сағындым мен сені, мүмкіндік болса, қайтшы маған.
Қайтарғым келеді, өкінішті, оралмайды,
Өзге арулар сен сияқты бола алмайды.
Үш жыл бірге, жаным, менің болдың сен қасымда,
Шаңырақ көтерсек пе деген ойлар болды, расында.
Расында мен сүйдім, сүйіп келем әлі күнге,
Кездесіп қоштасқанда қимаушы едім сені түнге.
Бір түн көрмеу – мен үшін бір азап еді,
Қолымнан келсе, бәрін өзгертуге болар ма еді?
Жаным, сені сүйемін, қайта оралшы, қайтшы маған,
Мүмкін, бірге болармыз, бір жауабын айтшы маған.
Мендегі жалғыз жүрек ұмтылады, жаным, саған,
Жүректің жарты бөлігі, аруым мен аңсаған.

Қайырмасы: (х2)
Жырақтамашы менен, мен өзіңнен сұранамын,
Қаламаймын, шыны керек, қос жүректің жылағанын.
Жылағанын қаламаймын сенің қара көздеріңнің,
Ән-мағынасын түсін менің айтқан сөздерімнің.

Другие названия этого текста
  • BaGi - Жырақтама жанымнан (0)
  • S.Yasmina♔★ - Жырақтама жанымнан (0)
  • казакша ән - Жырақтама жанымнан (0)
  • Mr Khan - Жырақтама жанымнан (0)
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 3
Видео
Нет видео
-