Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

BaGi - Ұзақ жолдар | Текст песни

Ұзақ жолдар

Ойлаумен сені өртенеді өзегім,
Алыстап барасың, оны сеземін.
Жылуын жоғалтқан сенің көздерің,
Байқадым, білемін, жаным менің, өзгердің.
Жылуын сезе алмадым, себебін көре алмадым,
Күтемін, күтудемін, келмедің – келе алмадың.
Үзбедім үмітімді, сүйдім сені, сені сүйдім,
Ұмытқан шығарсың, біле алмадым, мен білмеймін.

Қ-сы:
Ұзақ жолдар ажыратар, ойлап сені күнім батар,
Дидарласу мүмкін емес, мүмкін емес,
Уақыт, шіркін, өте кербез, қайта келмес.

Кінәлі – мен, сау басыма сақина,
Өте дұрыс, орынды, азапта мені, қина.
Маған сыйла, ауыртпалығын көрейін,
Жіберіп алдым сені, не істерімді білмеймін.
Айыпқа бұйырма тәкаппар мінезімді,
Кімдерді кінәлаймын, айтшы, кімдер, кімді?
Түндер түнді, күндер күнді өткіздім өзіңсіз,
Оркестрі өмірімнің қала берді үнсіз.
Білем, сенсіз өрнегін салдым өмірдің,
Іргесі құлады арамыздағы көпірдің.
Білем, алыспын, жігітің емес, жай таныспын,
Ұшып барар ем қасыңа қанатын берсе құстың.
Кейде жылап-күлемін, есіме сені аламын,
Бейнелеп суретіңді, қолымда дәптер, парағым.
Жанған шырағым сөнбейді таңға дейін,
Арамызды суытқан – ұзақ жолдар деймін.

Қ-сы:
Ұзақ жолдар ажыратар, ойлап сені күнім батар,
Дидарласу мүмкін емес, мүмкін емес,
Уақыт, шіркін, өте кербез, қайта келмес.

BaGi еще тексты


Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2