Қолдағы бар бақытты бағалай алмадым, түсін, Махаббат арамызда жоғалтты неге күшін, жоғалтты неге күшін? Уақыт өте өкініш өртеді жүрек тұсымды, Оралмасқа мәңгілік ұшырдым бақ құсымды, ұшырдым бақ құсымды. Бөле алмадым мен өзіңе мендегі бар уақытты, Бола алмадым мен өзіңсіз бұл өмірде бақытты, бұл өмірде бақытты. Сен екеуіміз айырылысқалы санаудамын күндерді, Ұмыту маған қиын бірге өткізген түндерді, бірге өткізген түндерді.
Қ-сы: Кешірші мені, жаным, өзіңмен бола алмадым, Қимаймын сені, жаным, сен бақытты бол, арманым, Сен бақытты бол, арманым.
Сен екеуіміз қоштастық, мүмкін, бұл дұрыс та шығар, Сені ойлап кей кезде жүрегім менің сыздар, жүрегім менің сыздар. Жетіспейді жүрегіме сен сыйлаған сол сезім, Кінәлімін, кешірші, кінәләмін тек өзім, кінәләмін тек өзім. Саған деген сағыныш тарқамады жүректе, Жетші, менің сүйіктім, сен аңсаған ниетке, сен аңсаған ниетке. Ойға терең батамын сені ойлап, неліктен, Жалғыз қалдым аққудай айырылған серіктен, айырылған серіктен. Ойлаумен тек өзіңді уақытым өтіп барады, Сағынып менің жүрегім сен сұлуды қалады, сен сұлуды қалады. Есіміңді қайталап бетіне жазамын парақтың, Кешірші мені, жаным, сені қанша жылаттым, сені қанша жылаттым. Қайда кетті, сүйгенім, махаббат арадағы, Бірге өткізген күндерім өшпейді санамдағы, өшпейді санамдағы. Күлімдеген көздеріңді өте қатты сағындым, Жазғанына тағдырдың мен еріксіз бағындым, мен еріксіз бағындым.
Қ-сы: (x2) Кешірші мені, жаным, өзіңмен бола алмадым, Қимаймын сені, жаным, сен бақытты бол, арманым, Сен бақытты бол, арманым.