Алғашқы махаббат жүректі тербеп, Сен екеуіміз табысқан күн есімде. Күндіз-түні ойымнан шықпайды, Қиялымда сол күндер қалықтайды. Сенің сұлулығыңа сөз жетпейді, Мөлдір қара көздерің күлімдейді. Жаным, неге мені сүйе алмадың, Осы сұрақ жүрегімді тілімдейді. Ай өтер, мейлі, жылдар өтер, Жүрегім мәңгі сені күтер. Жаным менің, сенің келеріңе мен сенемін, Күндіз ойымда менің жүресің. Түнде түсіме, сөзсіз, кіресің, Жаным менің, сені мәңгілікке сүйіп өтемін.
Қ-сы: Әкетші мені, махаббат, ғашықтардың еліне мені, Жалынамын саған. Бұл сезім маған дари ма, Сүйгенім баршаға жария. Өтінем, қайта оралшы, сүйгенім, Әрия.
Саған деген сезімім сол мектептен басталды, Махаббаттың жырлары сол кездерден жатталды. Сені сүю жолында қанша үміт ақталды, Қанша үміт ақталмады, қанша сырлар жатталды. Сен сұлусың бұл өмірде, сенің көркің тамаша, Бір жыл бойы өзіңе ғашық болдым балаша. Күз мезгілі далада, 22-ші қараша, Сол күні, жаным, сөйлестік сен екеуміз оңаша. Ашып салдым бір өзіңе іште жүрген сырымды, Жүрегімнен жүк түсіп, жан жүрегім жылынды. Қуанышым, бар болғаны, үш күнге-ақ созылды, Ешқашан да өмірде ұмытпаймын сол күнді. Достан артық көре алмадың, жаным, неге, білмедім, Мен сені, жаным, сүйгендей неге мені сүймедің. Сұрағыма әрқашан сенен жауап күтемін, Жаным, маған оралшы, тек сені мен сүйемін.
Қ-сы: Әкетші мені, махаббат, ғашықтардың еліне мені, Жалынамын саған. Бұл сезім маған дари ма, Сүйгенім баршаға жария. Өтінем, қайта оралшы, сүйгенім, Әрия.
Махаббат жүректі қинап, Жан жүрегіме қайғы сыйлап қинады мені. Бұл сезім маған дари ма, Сүйгенім өзіңе жария. Өтінем, қайта оралшы, сүйгенім.
Қ-сы: Әкетші мені, махаббат, ғашықтардың еліне мені, Жалынамын саған. Бұл сезім маған дари ма, Сүйгенім баршаға жария. Өтінем, қайта оралшы, сүйгенім, Әрия.