Сұлулық, сымбат - бір саған тән қасиет, Сұлулық ханым түгіл, бүкіл әлем бас иеді. Кездестіріп өзіңді өмірім күрт өзгерді, Ұмытпаймын ешқашан мөлдіреген көздерді. Көз алдымнан кешкенде қара толқын шаштарың, Тек өзіңе тартады қиылған сол қастарың. Бір өзіңмен ашылды менің бұлтты аспаным, Байқамадым бір сәтке сұлулығын басқаның.
Қ-сы: (x2) Саған деген махаббатым менің Қиындықтардан сан сүрінді. Махаббаттың бұл ойынында Кімнің кім екені білінді.
Қосылдық біз екеуміз, тағдыр солай қалады, Саған деген махаббат үршіп артып барады. Кездестік біз күн санап, бір-бірімізді сағына, Есіміңді сақтап қойдым жүрегімнің жадына. Бес ай уақыт та өтті, көз алдымда өзгердің, Іздемейсің сен мені, бір өзіңді іздедім. Суып кеттің сен маған, байқадым көздеріңнен, Мүлде жылу қалмапты айтылған сөздеріңнен.
Қ-сы: (x2) Саған деген махаббатым менің Қиындықтардан сан сүрінді. Махаббаттың бұл ойынында Кімнің кім екені білінді.
Күндердің бір күнінде көрдім оны өзгемен, Жүрегім менің сыздап келе алмадым сөзге мен. Жақын келіп қасына: "Қалай сенің жағдайың? Қасыңдағы кім болады, түсіндірші мән-жайын". Жаңа жігітің болар, қуаныштымын сен үшін, Бақытты бол ендеше, адам емессің мен үшін. Қайда сенің берген сертің, сүйем деген сөздерің? Алдадың ғой сен мені, жылап тұр ғой көздерің. Қош бол енді, көрмейсің бет-әлпетімді менің, Өртеп-жақтым үйге барып суреттеріңді сенің. Сен берген естелікке заттарыңды тастадым, Болған істі ұмыттым, жаңа өмір бастадым.
Қ-сы: (x2) Саған деген махаббатым менің Қиындықтардан сан сүрінді. Махаббаттың бұл ойынында Кімнің кім екені білінді.