Балаң саған ән арнап жазды, Әуен арнады жүрегінен сазды. Шықсын, мама, сенің көңіліңнен, Бір өзіңді, менің бала өмірімнен. Анашым, анашым, сағынамын Алыстасам сенің қасыңнан. Мейірім, сезім, шапағатпен Иіскеші балаңның басынан.
Қайырмасы: (х2) Менің анашым, менің анашым, Менің анашым, қимайтын жамандыққа баласын.
Анаң сені ойлайды қай жерде болсаң да, Көп қателік жасап, жамандыққа ұрынсаң да. Анаң сен деп жылайды, өмірден озсаң да, Анаң ұмытпайды, дос-жарандарың ұмытса да. Пәк махаббат сезімге лайықты тек аналар, Бұл шын жүректің әні аналарға арналар. Баласы үшін жанын береді, келсе жан алар, Ананың махаббаты пәк сезім боп саналар. Жүректің астынан өмір берген маған, Балаң сені сүйеді, ардақты жан анам. Қиналған сәттерде менің қорғанышым, панам, Баласын үлкен биіктен көруді армандаған. Анашым, ақтаймын маған артқан сеніміңді, Сенің арқаңда көрудемін осы күнді. Осы күнді, кейде жарық, кейде түнді, Мәңгілік қарыздармын, орындаймын міндетімді.
Ана бір қолымен бесікті тербетсе, Бір қолымен әлемді тербетеді. Жүректің арасынан 9 ай көтеріп, жарық әлемді сыйлаған Шынайы махаббатқа аналар ғана лайықты, аналар ғана лайықты. Барында бағалайық аналарымызды, бағалайық.
Қайырмасы: (х2) Менің анашым, менің анашым, Менің анашым, қимайтын жамандыққа баласын.