Құбылмалы ауа райы бұзады көңіл-күйді Қолға қалам алсам көңілім жиі толқиды Қайдағы жоқ сәттер түсіп кетеді есіме Тыныштық бермей маған кіріп журсің тусіме
Бұл сағыныш емес басқаша ойлап жүрме Жүрек айыкты жарасынан енді оған тиме Тиме маған араласпа жеке өміріме Онсызда кірлеткенсің дақ түсіріп көңіліме
Мен саған лайықты емеспін, алде керсінше ме? Артық сөз керек емес, болды, тоқтат үндеме Ештеңе өзгермейді екеуміздің арамызда Жігіт көп мен сиякты біздің Шың қаламызда
Сенің қолыннан келмейтін (келмейтін) нарсе жоқ қой Қалтасы терең айналада жігіт көп қой Сенің байлыққа деген махаббатың шексіз Керемет өтіп жатқан шығар өмірің менсіз
Қ-сы
Мен саған лайықты емеспін Мен жоқпын енді елеспін Ұмыт мені қайта айналып келмеспін Журегімді саған бермейпін! Мен саған лайықты емеспін Мен жоқпын енді елеспін Ұмыт қайта айналып келмеспін Журегімді саған бермейпін!
Бір сұранарым үйге телефон соғуды тоқтатшы Сөйлесен мейлі ғой үндемей тұрмай тіл қатшы Енді не айтасын не айтарын бар маған Есігі жабық қой журектің мангі саған!
Екеумізді таныстырғанда таныспау керек еді Сонда мұндай жағдай арамызда болмас па еді Менін жүрегім жараланып қанға толмас еді Көктемнің ерте шыққан гуліндей ерте солмас па еді
Тағыда айтамын мен саған лайықты емеспін Басымнан бір өткізген сезімді енді сезбеспін Сезбеспін сенің маған кеш оянған сезіміңді Мен тексергендей кезінде, тексеріп көр өзіңді
Калай екен сенің сезіміңді елемесем Сен лайықты сезімге махаббатқа бөлемесем Ендеше біліп жүр, сені суйгенді суй Мен сені ұмытқанмын, таныс па бұл күй?
Қ-сы
Мен саған лайықты емеспін Мен жоқпын енді елеспін Ұмыт мені қайта айналып келмеспін Журегімді саған бермейпін! Мен саған лайықты емеспін Мен жоқпын енді елеспін Ұмыт қайта айналып келмеспін Журегімді саған бермейпін! (2 рет) ______ by Айдана Туралиева