Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

BaGi - Мен сенен сұранбаймын | http://vk.com/bagi_baller | Текст песни

Қайырмасы: (х2)
Мен сенен сұранбаймын, жаным, қайтшы деп маған,
Сенсіз күндер өтуде, өтуде күндер жалған.

Сені ойламау – білесің бе, мен үшін күнә,
Маңызды емеспін, білемін сен үшін, сірә.
Мен сені сырттай сүйдім жауапсыз махаббатпен,
Оған дәлел – сағынышпен сенсіз күндер өткен.
Мен сені армандаймын орындалып қалардай,
Сезімім тұншығады менің сыртқа шыға алмай.
Келемін осы күнге өз-өзімді жиі алдай,
Ессіз ғашық болып, тек армандап қиялдай.
Кей-кейде қиналамын өз теріме сыя алмай,
Бойға ерік беремін көз жасымды тыя алмай.
Осының бәріне себепшісің сен жалғыз,
Мені адастырған, махаббатым жауасыз.
Сенің де басыңа келер осындай жағдайлар,
Сол сәтте сенің жүрегің де сөзсіз қиналар.
Көз жасың көл болып, алақанға жиналар,
Сезімде адасып, ақылыңа ой қонар.

Қайырмасы: (х3)
Мен сенен сұранбаймын, жаным, қайтшы деп маған,
Сенсіз күндер өтуде, өтуде күндер жалған.

Мен сені, жаным, сүйдім, сүйдім шын жүректен,
Махаббатты сезініп сүюді сен үйреткен.
Бір ғана қателік бүкіл өмірді күйреткен,
Жаз боп тұрған өмірді күз қылып өзгерткен.
Сені ойлай-ойлай қырау басты санамды,
Қалай енді жазамын жүректегі жарамды?
Қабырға бөліп тұр ғой семен менің арамды,
Екеумізді ажыратып, ортаға қаланды.
Саған кінә тақпаймын, бұл қалауы тағдырдың,
Менің махаббатым, жүректен тыс қалдырдың.
Сен кеткелі жоғалды мағынасы әр күннің,
Кетіп барасың енді уысында әркімнің.
Бақытты бол енді, тап өзіңнің жарыңды,
Сені көру өзгемен қайнатады қанымды.
Амал жоқ енді, бұл тағдырдың қалауы,
Мәңгілік сөнді қос жанардың алауы.

Қайырмасы: (х4)
Мен сенен сұранбаймын, жаным, қайтшы деп маған,
Сенсіз күндер өтуде, өтуде күндер жалған.

Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-