Қимаймын сені өзгеге, Кетті ме бәрі өзгере? Қосылып, лезде қоштасу Жазылыпты ғой бізге де. Көргім келеді қайталап, Есіміңді айқайлап. Қиналып жатқан жанымды Тұрған шығарсың байқап-ақ. Жанымның жарты бөлігі, Жоғалтып алғандаймын мен. Оралып келмес уақытты, Өткенді армандаймын мен. Көзіңнен қара тұңғиық, Білінбей моншақ жас тамар. Сезбейді оны, көрмейді, Жаным-ау, менен басқалар.
Қ-сы: (х2) Тағдырмен ерегестім, «Мұң» атты күйді кештім. Сенен өзге, сенен басқа Ешкімді мен сүймеспін.
Екеумізге берілген бір ғана үміт болған, Көп алыппын өзіме болам деп саған қорған. Мен, мүмкін де сүюге мүлдем уақытты таппадым, Жазылуда келесі өзің жайлы мың тақпағым. Қарашы артыңа – қаншама көктем артта қалды, Моншақтап жасың тізіп күз де, міне, келіп қалды. Татардың болып алды көтердік біз шаңырақ, Қалды ғой мүлдем бос боп оның іші қаңырап. Төгілген қанша жасың қалсын менің мойнымда, Өрт себепсіз шықпайды ғой, мұны да мойында. Еркелігімізді біздің тағдыр көтере алмады, Бақыттың жүзі көрінгендей боп сағым алдады. Сенесің бе, сағынамын, себебі мен – пендемін, Ұшуға жүрек дауа алмайды, жаяулап келемін. Қанатымның біреуі саған болды бастырма, Мендей адам жалғыз, өзгелермен шатастырма.
Қ-сы: (х2) Тағдырмен ерегестім, «Мұң» атты күйді кештім. Сенен өзге, сенен басқа Ешкімді мен сүймеспін.