Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

BaGi - Мүмкіндік бер маған | #KRP | Текст песни

Мүмкіндік бер маған

Тек менен айып болса, кешір,
Өмірлік тізіміңнен өшір.
Сағынсаң мені, мүмкін болса,
Кештетіп, жаным, еске түсір.
Оңай ма, айтшы, саған ұмыту,
Қос жүректің арасын суыту?
Соншалықты айыбым неде,
Бірге бола алмаймыз біздер, неге?

Мүмкін, айлар – уақыттың еншісіндегі істері,
Мүмкін, жаным, жүрегің қалап тұрғандай өзгені.

Қ-сы:
Мүмкіндік бер маған жаныңа жақындауға шамалы,
Тездетіп кел маған, жеп барады жалғыздықтың самалы.
Қажетсің сен маған қажет еткендей адам ауаны,
Мүмкіндік бер маған, жаным қиналып сенсіз барады.

Екі адамның тағдыры қиылысып үзілуде,
Телесериал сынды жұрттың назары бізде.
Бірінші мен кінәлі, екінші – тағы мен,
Іздеп тақпаймын саған, жаным, кінәні мен.
Мөлдіреген қос жанарың жылаудан еш жалықпады,
Ақымақ басым түк қақпады.
Бағалаудың орнына мен сені аямадым,
Бағым ұшып кеткенін аңғарып та байқамадым.
Жаным-ау, айта алмадым қандай күйдің қинағанын,
Қандай ойдыың жеп баратқанын.
Сөздермен сипаттадым,
Парақтар шимақтадым.
Түрлі ойлар мен жайлы, кері пікір қалыптасты,
Артымнан әңгіме еріп, түрлі сөздер қайда қашты?
Мен сенімен үйрендім ғой тұрақты боп сезімге,
3 жыл бұрын кездестіріп тұрақтандым өзіңе.

Қ-сы:
Мүмкіндік бер маған жаныңа жақындауға шамалы,
Тездетіп кел маған, жеп барады жалғыздықтың самалы.
Қажетсің сен маған қажет еткендей адам ауаны,
Мүмкіндік бер маған, жаным қиналып сенсіз барады.

Мүмкін, айлар – уақыттың еншісіндегі істері,
Мүмкін, жаным, жүрегің қалап тұрғандай өзгені.

Қ-сы:
Мүмкіндік бер маған жаныңа жақындауға шамалы,
Тездетіп кел маған, жеп барады жалғыздықтың самалы.
Қажетсің сен маған қажет еткендей адам ауаны,
Мүмкіндік бер маған, жаным қиналып сенсіз барады.

BaGi еще тексты


Другие названия этого текста
  • BaGi - Мүмкіндік бер маған | #KRP (1)
  • BaGi - Мүмкіндік бер маған (0)
Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1