Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

BaGi - Ұмыт оны, қарындасым | Текст песни

Ұмыт оны, қарындасым

Көзіңнен аққан ыстық жастың бар ғой себебі,
Ұмыт оны, жылаудың енді жоқ қой керегі.
Керегі жоқ, сенің көз жасыңа ол тұрмайды,
Еске алсаң өткенді, тек саған қайғы сыйлайды.
Қайғы сыйлайды оның жауапсыз қылықтары,
Еске салады оның өзін оның сыйлықтары.
Оның жылы сөздері сенің әлі құлағыңда,
Сағыныштан кейде келіп тұрады жылағың да.
Жылап ал, жыла, мүмкін, жеңілдеп қаларсың,
Сол кезде жаныңа тыныштық сая табарсың.
Аяқталмаған ертегіні аяқтап жабарсың,
Ұмыт оны, қарындасым, сен оны ұмыта аласың.
Ұмыта аласың қанша қиын болса да,
Жүрегіңнен шыққан жас көзіңе кеп толса да.
Оны ойламауға тырыс, қалғаны – уақыт ісі,
Өзгереді сонда өміріңнің қоңыр түсі.

Қарындасым, ұмыт оны, ұмыт, не қыласың,
Өмірің алдыңда, әлі бақытты боласың.
Сезімді бағалайтын ханзадаңды табасың,
Қол ұстасып бірге, болашақ бақытқа барасың.
Қазірше сабыр ет, көзіңдегі жасты тый,
Қарындасым, күліп жүруші едің сен ылғи.
Не болған саған, көзіңдегі үміт қайда,
Менің қарындасым, болды, енді жыламайды.
Басыңнан өтпеген соң, әрине, айту оңай,
Сенің жағдайыңды көріп мазам жүр ғой болмай.
Енді мен көре алмаймын мұндай жағдайыңды,
Көңіл бөл айналаңа, тыңдашы маңайыңды.
Тыңдашы менің саған айтқан ақылымды,
Қуанышпен қарсы алып келе жатқан әр күніңді.
Сенің болашақ бақытың алда тосып тұр,
Ағаң сені қолдайды, әрдайым біліп жүр.

Другие названия этого текста
  • BaGi - Ұмыт оны, қарындасым (0)
  • Ерлан - Ұмыт оны, қарындасым (0)
  • BaGi*Ардак Бакыт - Ұмыт оны, қарындасым (0)
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-