Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

BaGi - Неге түсінбейсің | Текст песни

Неге түсінбейсің

Түсі кеткендей болып оңып түрлі әлемнің,
Сенсіз өмір – қиын, мен оған да үйрендім.
Сәл ғана сабыр қажет, сәл ғана уақыт керек,
Сонда менің өмірім, мен сенемін, өзгереді.
Сен – менің барымсың, уақыт өте түсіндім,
Қайтару мүмкін емес, өзіңді ойлай күрсіндім.
Жұлдызды жарық түнде ай болды сырласым,
Жүрекке мұң сыйлаған қайдасың, құрдасым?
Сөзім жетесіз боп, сүйектен өтпейтіндей,
Не жаздым мен саған, мұң сыйладың бітпейтіндей.
Жаңбырдың мың тамшысы тереземді сығалап,
Бәрі бірікті де, сенің бейнеңді құрап.
Аспанмен бірігіп жүрегім менің жылап,
Өз-өзін тастауда тамшылар жерге құлап.
Мүмкіндік болса ғой – уақытты артқа бұрап,
Үйленіп үй болар ем сенің қолыңды сұрап.

Қ-сы:
Сен неге түсінбейсің, жаным, жан-тәнімнің қиналғанын,
Сен неге ұғынбайсың кеудемдегі жүректің ашынғанын?
Өзіңсіз өтер күндерім менің, түсіме кіреді келбетің сенің,
Жаным менің, жаным менің, жаным менің...

Сен мені түсінбейсің, түсінгің де келмейді,
Қанша рет үміттендім – үмітім солып, гүлдейді.
Ай менен Күн секілді, егіз лебізді жандар,
Көз ілмей жәбірленіп, таңдарым сен деп атар.
Сен жүрсің тоздырып көшенің сауық-сайранын,
Неге екенін білмедім, бір саған келіп байландым.
Ал саған бәрібір, қажетсіз менің сезімім,
Пайдасы шамалы сөздерді келіп езудің.
Санаңда гүлденіп, бүршік атар ой өрісі,
Тиіп қаштың менен, бұл – әрине, тағдыр ісі.
Жамандық тілемеймін, өзі іздеп табар сені,
Не де болса, кешір, көп сөздерді доғар енді.
Езгіге салмашы мендегі жалғыз жүректі,
Басу керек, меніңше, өзінше сол көкіректі.
Саған жаным ашиды – бүліндің сен көз алдымда,
Сол жүрек соғысы сол баяғы бір қалпында.

Білесің бе, тағдыр маған сезім берді...
Шексіз алғыс, көрдік сезіміңді...
Енді соны ұмыту үшін маған төзім берсе...
Күндіз-түні соны тілеймін, білесің бе, күндіз-түні...

Қ-сы:
Сен неге түсінбейсің, жаным, жан-тәнімнің қиналғанын,
Сен неге ұғынбайсың кеудемдегі жүректің ашынғанын?
Өзіңсіз өтер күндерім менің, түсіме кіреді келбетің сенің,
Жаным менің, жаным менің, жаным менің...

BaGi еще тексты


Другие названия этого текста
  • bagi - Неге түсінбейсің (1)
  • BaGi - Nege tusinbeisin (0)
Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1