Қ-сы: Жаныңда бола алмаймын күнделікті күндерде, Қасыңда қона алмаймын қалжыраған түндерде. Егер де қиналсаң, желден жылдам жетемін, Қолдан келгенді жасап саған демеу беремін. Өмірде ағаң бар, ешқашанда қысылма, Ешкімге есе жіберіп үмітсіз жығылма. Інішек, ұтылма, өмір деген – ойын, Кедергі, қиындықтарды мойынсынба, жойғын.
Қалайсың, інім, Олжас, қалай жағдайың? Ағаң тұрады артыңда қамал болып әрдайым. Тілдеспейміз екеуміз – уақыттың жоқтығы, Болмашы тірліктер, жұмыстардың көптігі. Тамырымызда біздің ағуда бірдей қан, Сен үшін тақалса, кез келген жерде тұрамын. Тосамын кеудемді атылған әрбір оққа, Үміттерді үзбе, бауырым менің, тоқта. Мен саған қызығамын, пәк күлкіңе жүзіңдегі, Сен сәби кезіңнен бастан қайғы үзілмеді. Анамыз үшеуіміз тоздырғанбыз емхананы, Осының барлығы бұзды ғой мендік сананы. Уайымсыз өмірді лайым сені көрсін деймін, Бағаларың қандай, қадағалап та білмеймін. Сен маған ұқсама – білімді білік алмадым, Жемісі болмаса да, көше өнерін таңдадым.
Қ-сы: Жаныңда бола алмаймын күнделікті күндерде, Қасыңда қона алмаймын қалжыраған түндерде. Егер де қиналсаң, желден жылдам жетемін, Қолдан келгенді жасап саған демеу беремін. Өмірде ағаң бар, ешқашанда қысылма, Ешкімге есе жіберіп үмітсіз жығылма. Інішек, ұтылма, өмір деген – ойын, Кедергі, қиындықтарды мойынсынба, жойғын.
Сен ашқанда дүниеге үлкен есігіңді, Менің қолдарым тербетті сен жатқан бесігіңді. Көз алдымда менің қадам басып, тіл қатқаның, Менің оқулықтарымды балалықпен жыртқаның. Байқасам, өсудесің бой түзеп жылдан жылға, Артқа шегінбе, қадамда алға, алға. Сенің арың таза, жамандықты ойламайсың, Бірінші жанкүйерім, ағаңды әр кез қолдайсың. Мен саған қызығамын, пәк күлкіңе жүзіңдегі, Жауапсыз махаббатты жүрегің әлі сезінбеді. Алданып сезімнен, махаббаттан безінбедің, Көңілің қалып досыңнан, жауыңнан жапа шекпедің. Көңілің сенің – сия түспеген парақ, Үмітің сенің – түнде жағылған шырақ. Демеу берер артыңда ағаң әр кез тұрады, Өмірде жылама – өмірді сен жылат!
Қ-сы: Жаныңда бола алмаймын күнделікті күндерде, Қасыңда қона алмаймын қалжыраған түндерде. Егер де қиналсаң, желден жылдам жетемін, Қолдан келгенді жасап саған демеу беремін. Өмірде ағаң бар, ешқашанда қысылма, Ешкімге есе жіберіп үмітсіз жығылма. Інішек, ұтылма, өмір деген – ойын, Кедергі, қиындықтарды мойынсынба, жойғын.
Сен оқуда кезде таңғы ұйқыдан оянамын, Сен ұйқыда кезде терең түнде ораламын. Кейде алыс жолдамын, кейде алыс жерде, Сөз құрап сол себепті отыра алмаймыз бірге. Жиналысыңа қаты