Қолдан
Сеземін, саған оңай емес
Ажырап кетіп жатқанымыз.
Аяныш сезім қажет емес,
Ұмыту сені мүмкін, келер қолдан.
Жоқ, жүректе мың сұрақ, «Неге бұлай?»
Барамын қоштассақ та, қимай.
Екеумізге мына тағдырдың
Өз дегені, жазғаны бардай.
Қ-сы: (х2)
Күмәні көп жүрегімнің, саған сене алмайды,
Қираған сезім сынықтары қайта жиналмайды.
Бағыңа жазған бақытыңды ұшырдың қолдан,
Қолдан, қолдан, қолдан. (қолдан)
Айыпқа ілінген оңай,
Кінәла мені, күнім, тынбай.
Оралмас артқа күндерім-ай,
Ұмыту оны мүмкін, келер қолдан.
Жоқ, кім үшін бұл Әлем соғылған-ай,
Кім үшін бұл Әлем қирады-ай?
Соғысы тым қатты қос жүрек,
Бір сезім арнасына сыймай.
Қ-сы: (х4)
Күмәні көп жүрегімнің, саған сене алмайды,
Қираған сезім сынықтары қайта жиналмайды.
Бағыңа жазған бақытыңды ұшырдың қолдан,
Қолдан, қолдан, қолдан. (қолдан)
BaGi еще тексты
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2