Оян, қазақ, ертерек, аяққа тұру керек, Бір-біріңе демеу болып, бір-біріңе бол тірек. Бәріміздің, ағайын, Отан деп соқсын жүрек, Егер мені қолдасаң, жоғары көтер білек.
Көзіңді ашқанға қорғаспағын, ағайын, Кең даламда не боп жатыр мен сіздерге айтайын. Ащы шындықтың бір тамшысын көзге тамызып, Кей қазағым өз жерінде сорасын жүр ағызып. Жұмыссыздық қаптап кетті қазағымның даласын, Беделді адамдардың ақша улап санасын. Аузы қисық болса да, бай сөйлетті баласын, Ағысқа қарсы жүзіп қандай пайда табасың? Ия, ойлансаң, ойландыратын сұрақтар көп, Қазағымның болашығы барады бұлыңғыр боп. Ертең кім боламыз, қалай аяққа тұрамыз, Қайығымыздың ескегін қай жаққа қарай бұрамыз? Өмір деген – өзен бізді ағызып жатқан, Кешегі хандар бүгін түсіп жатыр тақтан. Заман қиын, ажырата алмайсың қараны ақтан, Өзіңе кеп тиеді біреуге орың қазған.
Қайырмасы: ...
Мен патриотпын, Қазақстанды сүйемін, Қазақ елі мың жасасын, менің ізгі тілегім. Болған істі көре тұра қан жылайды жүрегім, Қазақстанда не боп жатыр оның бәрін білемін. Білемін мен су алысып қырылған халықтың, Неге ашып айтпайсыңдар, мен осыдан жалықтым. Шекараң да тарылып жылдан жылға барады, Жоғарыда отырғандар не бақылап қарады? Әділдікті кейбіреу жүргендер де шамалы, Қарапайым халық қой, олардың жоқ амалы. Балдары жүр оқымай, бәрі шетінен жауыз, Жүрекке сөз жеткізер сіздерде жоқ қой ауыз. Қарға қарғаның көзін шұқымайды деген бар, Жәбірлеп бір-біріңді не көрінді, адамдар? Қазақ деген білім бар сөйлейтіндер қазірден, Жаза берсем бұл туралы күндер өтер жазумен.
Қайырмасы: ...
Өз ауруын жасырған өледі дер түбінде, Ақиқатты айту керек, жасырмау керек мүлде. Ақша билеп заманды, адам қысты адамды, Ойлап баспенен істеп аңдап бастым қадамды. Қара түнек көшелерде қыздарың жүр тән сатып, Қазағымның жігіттері наша шегіп жүр қатып. Ата-баба аманаты, салт-дәстүрі қайда екен, Тарихың да ұмытылып бара жатыр жайменен.