Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

BaGi - Сирең гүлдер | Текст песни

Аспанда бұлтты байқашы:
Тұр ғой ол да сейілмей.
Күн көзі жымыңдап қояды бір сәтке жеңілмей.
Үзіліп түсуде жерге біртіндеп жапырақтар.
Сарғайып жиналып тұр жан дүниемде саған деген сан сұрақтар...

Арамызда көп еді біздің дау,
Күткені ме сонда бізді бақытсыз финал?
Кетесің бе, кет, заттарыңды ал, жинал,
Күтуде аэропорт, әрмен қарай – терминал.
Жаңа өмір, жаңа тоссын бақыт,
Менің жағдайымды түзейді жаймен уақыт.
Өкінерсің, бәлкім өтінерсің,
Мен үшін шешпеші, мейлі, менен көп білерсің.
Менің өмірім сенің қолыңда еді,
Жауратпай жылытатын бір сенің жөнің еді.
Адам болмасам, менен дым шықпаса,
Пешенеңе жазғанын әрі қарай көргін енді.
Тоналар, шіркін, әлемім тоналар,
Жалында оттай жанған сезімім де жоғалар.
Жүрегім, мысалы, сенде кетті,
Алып кеттің қажетті, ең керекті.

Қ-сы:
Сирең, сирең, сирең гүлдер,
Бақшадан жинап алғаным.
Обал болғаны, шіркін-ай,
Шашылып жерде қалғаны.
Сирең, сирең, сирең гүлдер,
Еккен талынан анамның.
Мен сыйлап саған бергенде-ей,
Жүрексіз қалай тастадың?..

Шаршадым сап-сары сағыныштан,
Жанымды жай қоймайтын қалың мұңға алып ұшқан.
Сезім деген осынша мұңды ма еді,
Таң артынан білдірмей қас қарайып түн келеді.
Түн келеді сенің бейнеңмен,
Тілдесекендей боламын сағымыңмен кейде мен.
Алғандай боламын сені ыстық құшаққа,
Сағынышымды басайын, бір сәтке тұрақта.
Елжіреймін, егілемін кейде,
Қай жаққа қарасам да, екеуміздің тұрса бейне.
Жас келеді жайменен жанарға,
Жыламашы, жүрегім, амалың жоқ, амалда.
«Мендей адам жалғыз» қайта-қайта қайталап,
Жүрген шығарсың оны ап-анық байқап-ақ.
Жүрегімнен шыққан бұл әуенге
Қосылмаған қаншама ғашықтар шайқалар.

Қ-сы: (х2)
Сирең, сирең, сирең гүлдер,
Бақшадан жинап алғаным.
Обал болғаны, шіркін-ай,
Шашылып жерде қалғаны.
Сирең, сирең, сирең гүлдер,
Еккен талынан анамның.
Мен сыйлап саған бергенде-ей,
Жүрексіз қалай тастадың?..

Сирең, сирең, сирең гүлдер...

Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-