Айтуға да оңай, қасыңда батылым бармай, Қызыққа толы күндерім есімде. Қуанамын, аяулым, қасымда болғаныңа, Жылуды сезіндім құшағыңнан. Қызғанышпен қараса да, бұл сезім – екеу ара, Тек біздерге шуағын төгуде жұлдыздар.
Қ-сы: Тағдырдың қалауымен, жүректің әмірімен, Ұнатып сүйіп келем сені. Талмастай қанатым боп, айтатын сырларым көп, Бір саған, аяулым, сүйгенім.
Құпиясы жұмбақ, әсем күлкің сыңғырлап, Жетелейсің белгісіз сағымға. Тұла-бойым елжіреп, қасыңа бір келгім кеп, Ынтазар көңілім саған асыға.
Қ-сы: (х2) Тағдырдың қалауымен, жүректің әмірімен, Ұнатып сүйіп келем сені. Талмастай қанатым боп, айтатын сырларым көп, Бір саған, аяулым, сүйгенім.