Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

BaGi - Танымасаң, танысайық | Текст песни

Танымасаң, танысайық

Құдайға шүкір, елім менің еңсесін көтерді,
Қазағымның көк туы биік шыңдарға беттеді.
Мақтана аламын қазақ болып туылғаныма,
Тармаққа бөліп берейін қара сөзді алдыңа.
Танымасаң, танысамыз есіңнен шықпайтындай,
Көзқарас қалыптасады бәріне ұнайтындай.
Оңтүстік Қазақстан – бұл менің жерұйығым,
Осында көріп өстік өмірдің ауыр-қиынын.
Қандай тақырып болмасын, кел алдыма, беттесейік,
Тілмаш болып жатқандармен, әңгіме жоқ, тілдесейік.
7252, Шым қала байланыста,
Назарыңда – BaGi, 11BLOCK-тан ұста.

2008 Ера толқыны бастау алды,
Байқасам ойланып, 3 жыл уақытым артта қалды.
Мен үшін HIP-HOP Шым сайдтан басталған,
Kicha, Ra1, Аntrax – осылармен расталған.
Әділ баға беретін төрешілерге құрмет,
Танымай қалмасын BaGi деген кім деп.
Алдағы уақытта танысамыз жақындау,
Қарсыластың міндеті – қорқып менен, уайымдау.
Елімнің тыныштығы ешқашан да бұзылмасын,
Аспанда көк бұлттар қара бұлтқа айналмасын.
Сәбилер күлкісі құлақтан еш кетпесін,
Менің елім қайғы-қасірет шекпесін.
20 жыл көлемінде тыныштықта өмір сүрдік,
Уайымсыз, қайғысыз, шаттанып та, ойнап күлдік.
Осының барлығы Елбасының арқасында,
Өткенді еске алайық, оралып анда-санда.

Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Популярное сейчас
Видео
Нет видео
-