Жаңбыр жауады себелеп, жуып жүрек жарасын, Енді менен алыстап күннен күнге барасың. Бақытты бол, мені жылатқан ару, Сұлулық – сенің ең бірінші қаруың.
Өзіңмен ғұмыр кештім жарты жылдың көлемінде, Өзіңсіз өмір сүру – қиын, бірақ көнемін де. Сенің есімің сақтаулы әлі жүрегімде, Менен алыстадың сағынышқа бөледің де. Жеткізейін саған жүректің жан дауысын, Өзіңнің теңіңді, құттықтаймын, тауыпсың. Қайта оралшы деп маған мен саған жалынбаймын, Сені қайтарғым кеп әуре, мұңға салынбаймын. Мектептің қабырғасы екеумізді таныстырған, Жүректер жақындасты бір-біріне алыс тұрған. Арада көп адамдар екеумізді адастырған, Шындық пен өтіріктің арасында шатыстырған. Мен Күн болсам, сен – менің Айым болдың, Күндіз табылмайтын жер бетінде, уайым болдың. Сен – жапырақ болсаң, тілсіз өскен қайың болдым, Күз айы келгенде қоштасуға дайын болдым.
Қ-сы: Өтер күн сенсіз, артынан айлар, Өтер күн менсіз жалғасып жылдар, жаным.
Төрт мезгілдің сипаты бар менің жүрегімде, Біз жайлы баяндалады осы менің өлеңімде. Ұмытқан күйде болдым, ұмыту қиын болса да, Ұялы телефоным SMS-хатқа толса да. Махаббат ертегісі аяқталды сәтсіздеу, Кейіпкерлер көп, қасірет шеккен – біреу. Менің көзқарастарым сенікіне ұқсамайды, Ойынның тәртібін өзгерттің бе, онда жарайды. Түн ортасында сен жайлы түс көріп оянамын, Терезе ар жағында бейнесі тұр Шым қаланың. Ойлары бейнеленді ақ параққа боз баланың, Зардабы білінеді жүрекке түскен жараның. Жүрек әлі қалайды сенімен бірге болуды, Көздерім талап етеді сені қайта көруді. Мен сені сағынамын сарғайған күз секілді, Ұмыту қиын маған ажарлы келбетіңді.
Қ-сы: (x3) Өтер күн сенсіз, артынан айлар, Өтер күн менсіз жалғасып жылдар, жаным.