Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Baha feat Tima - Тен тенiмен (1-шi болiм ) | Текст песни

Шекпеймін шылым, сонда да өкпем ауырады,
Өткен күндердің жарасы жүрекке жара салады.
Қылмыскер ақталады төлесе қателік құнын,
Ақиқат жоқ замана, қолдан зұлым.
Тоқсаныншы жылдар тербетті сәби бесігін,
Екінің бірі – қарақшы, бұл – менің шешімім.
Талас-тартыс ережесіз ойында,
Сенің де қатысың бар түбінде, мойында.
Тәуелсіз Қазақстан, адамдары тәуелді,
Сырттан емес ата жауымыз, іштен кетті.
Халыққа қызмет, халық, адам оның міндеті,
Қайдағы халық, ақша жеу – оның қызметі!
Кесем десеңдер, кесіп алғын дереу басты,
Шындық сөз жарып өтті ме көкейді, тасты.
Қисық болса да, бай сөйлетті баласын,
Жоғалған шындықты қайдан іздеп табасың!?

Қ-сы: (x2)
Тең теңімен, тезек қабымен,
Тоқ бала ойнамайды аш баламен.
Тең теңімен, тезек қабымен,
Күрделі өмірде күресіп, сүрінбей келем.

Шекпеймін демеймін, шегемін шылым,
Өкпем ауыра берсін, онсызда өтуде өмірім.
Қылмыскер болмасам да, қаптады қылмыс,
Зорлық жасап, ұрлаумен көбісі табады табыс.
Лауазым иелері біздерге уақыты жоқ,
Біздерді не қылады, олардың көңілі тоқ.
Жақында бәрі көліктерін тастап жаяу жүреді,
Жанармайдың қымбаттауы содан болар себеп.
Денсаулық сақталады болса егер тиының,
Тиының болмаса онда Құдайыңа сыйындың.
Адамның бүйрек парасы жетпіс мың доллар екен,
Осылай қысыла берсін, бүйректі сатып жіберем.
Біреулер іздеді ішу үшін ақшаны,
Жетімдер үйінде балалар көбейе бастады.
Ақшасы барлар қызылдарға садақасын тастады,
Бұндай қоғам өмірдің шешесінің амы!

Қ-сы: (x2)
Тең теңімен, тезек қабымен,
Тоқ бала ойнамайды аш баламен.
Тең теңімен, тезек қабымен,
Күрделі өмірде күресіп, сүрінбей келем.

Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-