Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Baiterek - Suygen adam kewirimdi | Текст песни

Аңғармадым қалай?
Өтті күндер талай,
Айтшы, алыстады арамыз неге?
Жүрек күйін шертер,
Өзегіңді өртер,
Жылаттық-ау біз бекер… Бал сезім тәтті,
Қауышқан сәтті,
Қия алмадым, көңілімнен кетер ме?
Біз аңсаған арман,
Бақыт болып алдан,
Жанымызға жетер ме?

Қайырмасы: Ашып бақыт есігіңді,
Айтар мәңгі есіміңді,
Сүйген адам кешірімді,
Айтшы соңғы шешіміңді.
Оралар ма сонау бір шақ?
Оралар ма ұшырған бақ?
Өкініп қалма бірақ…

Жапырақтай жүрек,
Сарғаяды жүдеп,
Кінәлама тәкаппар жан деп мені.
Махаббат нұр төгер,
Жанға шуақ себер,
Сезіне алсаң егер.
Жаралап жанды,
Алмайық мәңгі,
Жалғыз адам дүниеге сыймайды.
Сені сүйген жүрек,
Асыл арман-тілек,
Махаббатты жырлайды…

Baiterek еще тексты


Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1