Арайланған ақ таңдай Қаракөзім ақмаңдай Жүрегім өз қалауын, жаңа тапқандай. Аялашы гүлімдей Бір қарашы күлімдей Қалай ғана жүрсің сен, көзге, ілінбей
Қ-сы: Бұл өмірде, бұл өңірде Іздесем де сендей жанды таба алмаспын. Мен өзіңсіз, бұл сезімсіз Жүрегімде ғашық отын жаға алмаспын.
Ей-хей, өзіңсіз өмір бекер-ей, Ей- хей сезімсіз мәнсіз өтер-ей. Ей-хей, ардағым, арманым сен, Ей-хей, бақытқа бірге жетер-ей.
Бақытыңды іздесең Үмітіңді үзбе сен Махаббатың табылар, достым, бізге сен. Жүрек сырын айта алмай Жаныңда жүр байқалмай Қарапайым қыр гүлі, сенсіз, жайқалмай...