Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

BAKO LEE (Бакдаулет Бекетов) - Жаралы өлең... | Текст песни

Қ\\сы
Жүрегімде сен силаған әнім бар
Өлеңдерім-өмірдегі несібем,
Білесің бе? Мен жазатын жырларды
Сенің мөлдір жанарыңнан көшірем.

1)Сені ойламаған күнім болмады
Сенің ешқашан маған көңілің толмады
Жаралы жүрек саған осы әнді жолдады
Жан-сырымды менің енді кім ұғынады..?
2)Қалай ғана, жауладың екен несімен?
Мен сәби болсам, сен тербетер бесік ең
Сенің дегеніңе көнем
Айырылып қалғанмын есімнен..

Қ\\сы
Жүрегімде сен силаған әнім бар
Өлеңдерім-өмірдегі несібем,
Білесің бе? Мен жазатын жырларды
Сенің мөлдір жанарыңнан көшірем.

1)Түн менің ұйқымды алған түнегімен
Қап-қара қою түсті күреңімен
Ұйқым қашып кеткендей бір белеске
Қатар соғып сол арудың жүрегімен
2)Түндегі түсімдегі сол бір бейне
Келеді көз алдыма күнде кейде
Шықпайтын мынау менің әлемімнен
Ұрлықшы, \"Түс ұрлаушы ару\" -дей ме?
3)Түн болса есіме алар сағым-сенсің
Лаулайтын мұз ішінде жалын-сенсің
Құбылып бара жатсам мен егерде
Мендегі өзгермейтін жүрек-сенсің..!
4)Жүрегіме бағынып қала берем
Тек өзіңді өзгеден дара көрем
Сен ауыртқан жаралы жүрекпенен
Жаза берем шаршамай \"ЖАРАЛЫ ӨЛЕҢ\"

Қ\\сы
Жүрегімде сен силаған әнім бар
Өлеңдерім-өмірдегі несібем,
Білесің бе? Мен жазатын жырларды
Сенің мөлдір жанарыңнан көшірем.

Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2
Видео
Нет видео
-