Анашым, түн ұйқысын төрт бөлген, Мені елден кем болмасын деп алаңдап жүрген. Анашым, асыл анам, ең қымбат жансыз, Ұлыңыздан сізге деген әнді тыңдаңыз. 93-тен бері мені аялап өсірген, Азан шақырып Шыңғысхан есімін берген. Қанша қиындықтарда жымиып білдіртпеген, Осы күнге дейін түсінішін білдірткен. Түннің бір уақытында келсем күтіп отырады, Түсінем, уайымдайды ана болған соң, алаңдайды. Уақытты артқа айналдыруға болғанда, әттең, Басқа бала болар едім анамды ренжітпеген. Тәртіпті, ұқыпты, оқуды жақсы оқитын, Көшеге қашпай, рэп дегенді мүлдем білмейтін. Бірақ та рэп таңдағаныма анам қарсы емес, Осы рэп бақытын әлі биіктен көресіз...
Қайырмасы: Әлдилеп, аялап өсірген жемісің, Самал жел, саябақ – құшағың мен үшін. Есейіп кетсем де, мен саған сәбимін, Көңіліңді көктемдей көзіңнен танимын.
93-тен бері екі жанмен таныспын, Әкем және анам – ең қымбат асылдарым. Жағдай қанша төмен, өмір қандай қиын болса да Елден кем қылмай, мені қатарымнан қалдырмай. Анашым – өмірімдегі ең басты кейіпкер, Осы күнге дейін жеткеніме себепкер. Мен ауырсам менімен қосылып ауыратын, Күлімдеген жүздің артында көз жасын жасыратын. Енді мен де жеттім, анашым, бәрі болады жақсы, Уайымдау, алаңдау дегендер артта қалсын. Менің мақсатым – сізді алақанымда тербету, Арқалап алып Меккеге барып келу. Қандай ерлік жасасам да, өмірбақи қарызбын, Қолдан келмейтінді мен сіз үшін жасаймын. Алладан сұрарым – тек қана сізге денсаулық, Деніңіздің саулығы – мен үшін үлкен бақыт.
Қайырмасы: Әлдилеп, аялап өсірген жемісің, Самал жел, саябақ – құшағың мен үшін. Есейіп кетсем де, мен саған сәбимін, Көңіліңді көктемдей көзіңнен танимын.