Мінезім қатал болса да, жүрегім нәзік, Саған деген сезімім айлы түндей анық. Балдарыңа үлгі болатын әке болмасам да, Маған ұл сыйласаң өзгеремін көз алдыңда. Мен жайлы өсектерге сенбе, жүрегіңе сен, Жай ғана “ия, жаным” десең өміріңді өзгертем. Көрсетем өмірді түрлі түсті жағынан, Сұрарым – менен алыстамай, сенгің маған. Мен саған бөтен емеспін, сенің бір бөлігіңмін, Сенсіз мен – тірі адамның өлігімін. Күнде гүл сыйлайтын романтик болмасам да, Менде де жүрек бар, жүрегім сені қалауда. Уақытша махаббаттан шаршадым, шыны керек, Енді түсіндім, түсінуіме сен болдың себеп. Семен өмірімді басынана бастағым келеді, Сенің әрбір жылы күлкің жүрегімді тербетеді.
Қ-сы: (x2) Осы жерде болу керек қайырма, Бұл өлең, әрине, махаббат жайында. Әдемі дауыспен айтатын адам жоқ, Сол себепті бұл өлеңде қайырма жоқ.
Мен саған лайықтымын, екінші бөлігіңмін, Жалғасын сенімен өткізем өз өмірімнің. Сенен көрдім көзіңде жанған жалын отты, Қанша бақытқа толы күндерім сенімен өтті. Кейде ренжітемін әдейі жасамасам да, Кейде ренжітесің жынға тиіп анда-санда. Сонда да сенен өткен жанға жағар жан таппадым, Болашаққа өзіңмен сенімді қадам аттадым. Қасымда болсаң уақыт өтер зымырап, Сен және мен жайында отырмын әуен жырлап. Мен сенімдімін, сен – анасы баламның, Сен жайында ой толғаймын деп ұшы сынды қаламның. Тек қана бол менің, жаным, сен қасымда, Ішкі сырыңды менен ешқашан да жасырма. Ұмытпа, жаным, мен сені қатты сүйемін, Біз бірге үй боламыз, мен оған анық сенемін.
Қ-сы: (x4) Осы жерде болу керек қайырма, Бұл өлең, әрине, махаббат жайында. Әдемі дауыспен айтатын адам жоқ, Сол себепті бұл өлеңде қайырма жоқ.