Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

BALLER x TruMan x BaGi - Жылама | Kzhiphapnews | Текст песни

Жылама

Далада желтоқсан айы, бірақ та жоқ қар,
Келемін көшеде, қолымда түтінім бар.
Қазір қайта басталады, телефоным шырылдайды,
Қырсығып тұрып алады, тағы да айқайлаймын.
Жаным, кешір мені, бірақ ұрысқым келмейді,
Тағы да басым қатады, не істерімді білмеймін.
Шаршадым, білесің бе, болмайтын қызғаныштан,
Көргім келмейді менің жанарыңды жылаған.
Ақымағым менің, сені ғана мен сүйемін,
Дұрыстап ойланып, дұрыс болады түсінгенің.
Сені де түсінемін, себептерің бар сенбейтін,
Ол күндер артта қалды, оралмайды ғой енді.
Тағы неге қырсықтың, не болды саған тағы,
Менікі дұрыс болса да, мен боламын кінәлі.
Болды, кешірші мені, дұрыстап тыңдашы,
Өтінемін, балапан, тек қана жыламашы.

Қ-сы: (x3)
Қара көздерің, қиылған қас, кірпігің,
Байқамадым ерекшілігін әсем күлкінің.
Қыпша белің, қос иықтан төгілген шаштарың,
Бұл сұлулықты байқамадым уысынан басқаның.

Махаббатты іздемейсің, ол сені табады,
Сұраусыз жүрекке келіп, қақпаны қағады.
Көзіңе дөрекі көрінсем де, олай емес,
Махаббат кез келген адамның жүрегінде, YЕS.
Сатпаймын сайтанға жанымды деген едім,
Ал енді сұрағаныңның бәрін беремін.
Келемін аспанда қалықтап сезім қанатында,
Ханзада керек болар сен секілді ханшайымға.
Хандығым болмаса да, ханзада болуға тырысамын,
Сенің есіміңді шылымның буымен жазамын.
Бұлдырлайды жанарым ләззатты иісіңнен,
Сені қызғанам, керек десең, өз көлігімнен.
Бақытты жандарды көрдік, енді олар бізді көрсін,
Біздің махаббатқа тамсанып, таңдана сүйсінсін.
Шырайлы қаланың төбесінен бақытпен қарайық,
Барлық жаман ойларды сезіммен жарайық.

Қ-сы: (x2)
Қара көздерің, қиылған қас, кірпігің,
Байқамадым ерекшілігін әсем күлкінің.
Қыпша белің, қос иықтан төгілген шаштарың,
Бұл сұлулықты байқамадым уысынан басқаның.

Другие названия этого текста
  • BALLER x BaGi x TruMan - Жылама (0)
  • BALLER x TruMan x BaGi - Жылама | Kzhiphapnews (0)
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-