Шешеден көп боқтасам да, аналарды сыйлаймын, Ешкім мәңгі емес, анамды өлімге қимаймын. Қарсы тұра алмаймын тағдырға, оның заңы сондай, Дөрекі болсам да, анам үшін тәттімін балдай. Хех, кейде өкінем осы жүрісіме, Көздерім қызарып үйге келген түндеріме. Он екі мүшемді сау қылып әкелді өмірге, Ал мен рақметтің орнына қолымда – есіртке. Тоғыз ай құрсағында, он жеті жыл мойнында, Көзді ашып жұмғанша жиырма жыл артымда. Қырықтың жартысы болса да, анам үшін сәбимін, Ең меірімді таза жан деп анамды танимын. Көңілім алаңдайды алыс сапарда болғанда, Аяққа тұрам жақында, анашым, мұңайма. Сізге емес, қыздарға уақытым көп бөлінді, Ібіліс досым болып, қасымда ойнап-күлді. Күнде түнді бермедім қаңғырып көшеде, Ішімдік құшақтап түнгі сауық-сайран жерлерде. Ал сіз мені уайымдап көз ілмей күттіңіз, Анашым, өтінем, мені кешіріңіз. Кешіріңіз, кешіріңіз, кешіріңіз, Анашым, өтінем, мені кешіріңіз. Кешіріңіз, кешіріңіз, кешіріңіз, Анашым, өтінем, мені кешіріңіз.
Айтқаныңызды тыңдап, жақсы бала бола алмадым, Мейрамдарда гүлмен келіп сізді құттықтамадым. Үлгілі бола алмадым, оқуды да қатырмадым, Бірақ, мен білем, болашағым бар адамммын. Жұрттың балдары жайлы айтатынсыз, есімде, “Олар жұмыс істейді, ал сенің жүрісің не?” Әлі алысқа барамын, менің де жоспарларым бар, Жұрттың балдарынан сіздің ұлыңыз озар. Әуендерім ұмытылар, шамасы, бір жерде жатар, Мүмкін кітаптарда жазылып, елесімде қалар. Мен үшін маңызды емес, ол рэп керек емес маған, Сізге тіреу болсам екен, болсам адам. Сенгім келмейді менің “Бақыт ақшада” дегенге, Менің ойымша, ол анамның мөлдір көздерінде. Ұлыңыз сізге айтпаса да, сізді сүйеді, біліңіз, Анашым, өтінем, мені кешіріңіз. Кешіріңіз, кешіріңіз, кешіріңіз, Анашым, өтінем, мені кешіріңіз. Кешіріңіз, кешіріңіз, кешіріңіз, Анашым, өтінем, мені кешіріңіз.