Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Batyr-керим- ай ,менин журегим- ай - ♥ | Текст песни

Алмастырдым күнімді мен түнімменен,
Кеудеде жүрек толқып соғуда үрейленген.
Бұлай боларын, жаным-ау, кім, кім білген,
Өтер деп өзіңмен өмір өтер деп ем.
Күлімдеп қараған сенің көздеріңнен,
Оны іздеп табам енді өзге кімнен?
Бақытты бағаламадық бізге берген,
Сезімім басылар емес сізге деген.

Қ-сы: (х2)
Әгугай, керім-ай, менің жүрегім-ай,
Дудар-ай, дариға-ай, шіркін, күндерім-ай.
Тарам жол тағдырымды менің күндедің-ай,
Бір көңіл, бір сезім сонша сүйгенім-ай.

Тұла бойыңды, сұлу, мен көрген сәтте
Сөзімнен жаңыламын мен сөйлеп қате.
Бәрі бітті біздің екі арамызда,
Қайталайсың енді оны неше мәрте?
Қимаймын сені өзгеге, қалай қиям,
Сен жүрсең өзгемен қалай жерге сыям?
Тағдырым сыйлаған бағалы гүл-сыйым,
Айрылдым өзіңнен, маған сондай қиын.
Жүрегім қан жылап, басымда мың сұрақ,
Ұмытайын десем, күлкің бір сыңғырлап.
Өзің болдың жұмбақ, шешімін таба алмай,
Жүрегімді тыңдап, келші, сүйгенім-ай.

Қ-сы: (х2)
Әгугай, керім-ай, менің жүрегім-ай,
Дудар-ай, дариға-ай, шіркін, күндерім-ай.
Тарам жол тағдырымды менің күндедің-ай,
Бір көңіл, бір сезім сонша сүйгенім-ай.

Batyr-керим- ай ,менин журегим- ай еще тексты


Другие названия этого текста
  • Batyr - ☺☻♥♪♫♫♪♥☻☺ (0)
  • Batyr-керим- ай ,менин журегим- ай - ♥ (0)
Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1