Көршінің қызы керемет еді, Оның жеке басына жігіттер жетеді. Біреуі келеді, біреуі кетеді, Түнімен жатпайды, ұйықтаса қайтеді. Оқуына үлгермей тағы кетіп барады, Асығып бара жатса да, уақыт тауып қарады. Күлімдеп күліп қояды, сызылып жүріп қояды, Еріндерін қайталап далаппен бояп қояды. Тездетсей, шешең сояды (-Отстань, а!), Түп-түзу оның аяғы. Есіме салып кетеді бала кездерді баяғы, Есіңде ме сол күндер жазғы демалыс аяғы? Естеліктер сол баяғы... Оның жасы 21-де, универде оқиды, Сөйлесіп қалсаң кейде, миымды жеп-шоқиды. Ол өзі сондай қызық, сұлу, күлкілі ару, Мен оған ғашықпын, сұлулық – ауыр қару.
Қ-сы: Мен сүйіп қалған ару көршілес, Жеткізіп тастады оны Мерседес. Кешкісін алып кетті BMW, Бұл қыз немене бәле, ей, немене?
-Эй, сосед, қаалйсың? -Қандай, құрып кетші, э!
Кейде ұрсып қаламыз, мен үшін ол қара бет. Подругаларына айтып қояды «Бұл бала жаман» деп, «Айнаға қарасай» дейді, «жуынсай, таран» деп. Амал жоқ күйіп тұрасың, ішіңнен жының кеп, Мазақ қылып кетеді жаныңнан күлімдеп. «Тоқтай тұр, бәлем!» деп, «Осыдан көресің!» деймін, Ол өзі сондай тентек, мүлдем оған ренжімеймін. Кейде екеуміз отырып темекіні жейміз, Махаббатты әңгіме қып бірқызық сөйлейміз. Мен қыздарды, ол жігіттерді айыптап терлейміз, Кеш болғанша сырласып, үйімізге кірмейміз. Шынымды айтсам ішімнен, мен оны қызғанам, Екеуміздің арада шекараны бұзбағам. Шынымды айтсам, мен оны ішімнен сүйемін, Бірақ оның түнгі жүрістерін білемін.
Қ-сы: (х2) Мен сүйіп қалған ару көршілес, Жеткізіп тастады оны Мерседес. Кешкісін алып кетті BMW, Бұл қыз немене бәле, ей, немене?