Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

BaXa** - Бакыт деген | Текст песни

Бақыт деген.....

Өлең айтып жүре берме мас болып,
Намаз оқыған адамдарға қас болып,
Ораза тұтқандарға күле салма,
Не шықты деп 1ай жүргендерінен аш болып.

Түсінесің ертең тозақ отына жанғаныңда,
Өкінесің ертең намаз оқымаған таңдарыңда,
Өкінесің ертең ораза тұтқан адамдар
жаннатқа,Раян есігінен кіріп, жатқанында

Ойлайсың ба жалғанда мәңгілікке жүремін деп,
Жұрттар күлсе, бірге хақылдап күлемін деп,
Аллаһтың бұйрықтарын орындамай,
Ойлайсың ба бақытты өмір сүремін деп.

Деймісің сен бақыт менің күшімде,
Деймісің әлде бақыт істеген ісімде,
Ойың қате сенің, замандас білгін,
Бақыт деген ол - Исламның ішінде.

Бақыт деген- дұға етіп Аллаһтан сұрағаның,
Күнәларың үшін кешірім сұрап жылағаның,
Бақыт деген парыздарды орындап,
Түн уақытында тұрып намазға құлағаның.

Бақыт деген - аштарды тойдырғаның,
Себепші болып жаман істі қойдырғаның,
Арақ деген харам суды қоймастан,
Бақыт деген - ислами той қылғаның.

Бақыт деген- ата-ананы сыйлағаның,
Дүниені озиннин жүрегіңе жимағаның,
Жақсы адамдармен араласып,
Соларды қасыңнан кетуін қимағаның.

.Бақыт деген Аллаһты ұлықтауың,
Жамандықты қасыңа жуытпауың,
Барлығымен бирге жақсы аралысып,
Ағайыныңмен араңды суытпауың.

Бақыт деген ол - Құранды оқығаның,
Аллаһтың сөздерін көңіліңе тоқығаның,
Құран және Сүннетпен жүргенің,
Білім жиып мұсылманша өмір сүргенің

Жамандығыңды бойыңнан сыға білсең,
Өз нәпсіңе ерместен, жеңіп оны жыға білсең,
Бақыт дегенді бауырым саған айтайын,
Ол - мұсылман болып өмір сүру ғой ұға білсең.

Пайғамбардың сүннетінен сенің ергенің,
Балаларыңа ислами тәрбие бергенің,
Бақыт деген ол бауырым, биле билегин
Бір Аллаһтан басқа тәңір жоқтығына сенгенің.


BaXa** еще тексты


Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1