Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

B.Bazarov - Tek ozin ushin | Текст песни

Тек өзің үшін қарызға алып достардан
Ақшамды барлық жұтады қымбат ресторан
Тек өзің үшін жұлдызды ұрлап аспаннан
Сыйлаймын саған , өзім бәрінен бас тартам

Мен саған,жаным,сыйлар ем тіпті ай нұрын
Қалтама сыймай жатса егер менің байлығым
Сыйлар ем саған кемемен қоса қайығын
Бай емес болсам бар ма еді менің айыбым?!
Байлығым менің ішімде жатқан сырларым
Сыйлаймын саған керемет шексіз жыр бағын
Періштелерді осы әуенмен тербеттім
Нұрға боядым рсы қаламмен жер бетін
Сөздермен салдым сендей сұлудың келбетін
Осы сандықта махаббатым мен құрметім
Тек өзің үшін келтіремін деп бір ретін
Мендей жан бар ма өзіңді жақсы көретін?!
Тізіп қоям да жұлдыздарды мен көлденең
Тек өзің үшін жаратып берем бір әлем
Сыйлап жаһұтты,тоқтатып тастап уақытты
Жүрші менімен етейін сені бақытты...

Тек өзің үшін қарызға алып достардан
Ақшамды барлық жұтады қымбат ресторан
Тек өзің үшін жұлдызды ұрлап аспаннан
Сыйлаймын саған , өзім бәрінен бас тартам

Мен саған,жаным,сыйлар ем алтын балықты
Бастығы болсам халықаралық банктің
Үш қабатты үй сыйлар ем саған ұнаса
Бір жомарт келіп маған миллион сыйласа
Апарар едім мекенім де жоқ тұрақты
Қолымнан келсе сыйлар ем саған жұмақты
Арманың шексіз болғаны жақсы, бірақ та
Қасыңда тұрған қарапайым жан,ұмытпа
Өзіңдей бәрін оңай әрі тез көретін
Ханның ұрпағы емеспін салық теретін
Менің отбасым батыр Адайлар әулиеті
Қаласаң егер жаулап берейін жер бетін...

Тек өзің үшін қарызға алып достардан
Ақшамды барлық жұтады қымбат ресторан
Тек өзің үшін жұлдызды ұрлап аспаннан
Сыйлаймын саған , өзім бәрінен бас тартам

B.Bazarov еще тексты


Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-