Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

BDS PRODUCTION-Нұрлан Әлімжан - Алғашқы бір үзіліп қарағаның | Текст песни

Гүл болды, тікен болды, арада мұң,
Өткеннен жасыңды іздеп сараладым.
Секілді ең асылы жолымыздың,
Сондағы бір үзіліп, сондағы бір үзіліп қарағаның.
Аңсаса өткенді ойлап жара жаным,
Көп болды қан көңілге жамағаның.
Бір бүтін, екі жарты етіп жүрді,
Алғашқы бір үзіліп, алғашқы бір үзіліп қарағаның.
Алғашқы бір үзіліп қарағаның,
Жанымды шуақ болып аралады.
Сен көндің, мен де көндім біле тұра,
Сенімсіз шір сезімнің тарағанын.
Ақыннан аласың көп замананы,
Қыл мінез қызғанышы табалады.
Құлатпай шаңырақты сақтап жүрді,
Әуелгі бір үзіліп, әуелгі бір үзіліп қарағаның.
Жүрседе арада ызғар санада мұң,
Мен қалай бөгей ойға бара аламын.
Өшірмей ошақ отын келеді әлі,
Баяғы бір үзіліп, баяғы бір үзіліп қарағаның.
Алғашқы бір үзіліп қарағаның,
Жанымды шуақ болып аралады.
Сен көндің, мен де көндім біле тұра,
Сенімсіз шір сезімнің тарағанын.

Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-