Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Beibit Zh. - Болашақ қолымызда! | Текст песни

Толуда жаңа парақпен күн өте тарих беті,
Алайда ескі қасірет жатқан жоқ естен кетіп,
Болған сол жылдар дерті, күллік қазақ есіріп,
Жатты көбісі кетіп, ашаршылық кесірі!
1986-қаһарлы сан қазаққа,
Болған бәрі сол күндер, сол сәттер мен сол азаптар,
Қайрат жігер жинап бойға, бірлікті тастап бірге,
Сол қиындықтарға төзіп, тосқауыл бол білген бұл-ата-бабаларымыз, бойында қазақтың қаны,
Қырылды сол сәттерде қаншама қазақтың саны?!
Қазіргі атқан таңы-сол жылдардың жемісі.
Қазақ аз бола тұра жатпады бірден берісіп!
Арада уақыт өтті, емес қазақ бұл тәуелді
Десек те, қасірет сырын білмейміз біз әуелі,
Болашқа басып қадам қойып биік мақсаттарды,
Кем қалмай өзге қатардан жалауымыз асқақтады.

Қ-сы
Келешек үміті ешқашан сөнбес, жастардың заманында!
Уақыт қалаған еншіге көнбес,
Мақсатқа сан адымдар.
Қадам бас егер мүмкіндік берсе, тоқтамай жолымызда
Өзгеріс көрсет өзгерткін келсе,
Болашақ қолымызда!

Егемендік үні жерімізге келгелі,
Енді, теңдік орнап еді еліміздегі.
91-де көптен күткен тәуілсіздік ұраны орнады кеп,
Қалықтады азат елдің қыраны.
Бейбітшілікті ұстанып елбасы жарлығымен,
1992 мемлекет барлығымен
Бірлік үшін үлес қосты өзнің ұранында,
Қазақстан 20 жылдай "Біріккен Ұлт" құрамында!
Өзгеріс кезең сайын, көркеюде қаламыз,
Аянбай еңбек еткен-алғысқа Нұр ағамыз.
Келеміз ол көрсеткен нұрлы жол ізіменен,
Қазақстан дамыған елу ел тізімінде!
Көлгілдір қазақ жалауы көк аспанда көрінер!
Ел басының жолдауы: "Бір мақсат пен тек бір мүдде"
Қазағымның аспаның түнек баспасын мүлдем,
Қазақ елі-Қазақстан жүрегімнің төрінде!


Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-