Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Bek/Karim ft. Жасұлан Бекенов - Қарабайырлықсыз | Текст песни

Махаббат - бұзады еңсені, көтереді көңілді
Ғашық бола қалсаң болды, жәй күйің өзгереді
Уақыт өтеді ойлаумен, телефондағы суретке
Қарап армандаумен алыс кетіп ай далаға, көкке
Сенің тарапыңнан не болмақ, айтшы келісесіңбе?
Ғашық болам саған, көнесіңбе? 50-де 50-ге?
Жараладың деп жүректі, сүйемін, күйемін деп
Құлағыңды сасытпайын жүремін әйтеуір ішімнен тілеп
Бір сені көздеп, саған сезімімді көрсетпеймін
Артық әңгімесіз сәті түсер жолдың бақытқа жетелейтін
Көнбейтін болса егер тағдыр жылы жауып қояйық
Болсада қиын, сонда да, достық қатынас ұстайық
Мұндай сені сындыру қарқыны жетпес мақсатына
Мен мүлдем үрдіске енбегендеймін, айыптама...!
Жалынбаймын, онсызда жалындайды көздегі сезім оты
Ол сезім тек менде, жетпейтін еш бір жанның қолы

Қайырмасы:
Барымды айтайын саған
Шын сүю болмаc арман
Алау сезімнің оты жанған
Күні келер болмасын жалған

Ән жаздым саған, сорлы болмаймын, артығын күтпе
Анам саған сорлы болсын деп әкелген жоқ бұл өмірге
Қоржыныма енді мына болымсыз сөздер жинағы
Махаббатым деп зарламаспын қайтесін өтірікті баяғы
Бірақ шынайы болды жанағы, қарабайыр сөзім сүйем
Бұл ән тек өзіңе арнап жазылған мағына ілерсің сенем
Сенем, өйткені білем көзің ашық, жүрегің сезеді
Сондықтан сенеді мендегі жүрек маған, көнеді
Алайда бірақ деген жалғауы болса бұл жұрнақтың
Қосу-алу деп бас ауыртпйық, қиыны жоқ бұл сынақтың
Әр жерде өзің білесің керек сөздің ашығы
Екеуміздің қатынасымызда жоқ жолдың алыс-қашығы
Тек бір жол сызып келгенім, тек бір оймен алдыңа
Қобалжымаймын, сырым анық жетеді құлағыңа уайымдама
Сенің сөзіңнен өзгерер менің жүрер жол бағдарым
Келерім ертеңде тағы жалғасымен қарағым


Bek/Karim ft. Жасұлан Бекенов еще тексты


Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-