Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Bek/Karim - Қуат көзі | Текст песни

Шаршап шалдықсамда, құлақта рэпіммен демаламын
Бұлттар сиіп тұрған ауа-райдан көңілсізде нәр аламын
Шабыт зорлап жаздым жетім өлең жолдарын
Таймаймын жолымнан, солай құлағыңды қорлаймын
Жан айқайы дейме? Иә, міне менікі де осы
Айыпта, қуады деп мынаның досы
Жазып біттім, 16 сорлы жолдарым дайын
Әуені ғаламтордан жүктелген болмасын деп артық уайым
Рэп, көңілді көтереді аспанда қалықтатып
Алдымдағы MIC, тілімнің толқынын толқындатып
Табандылық сезінемін, анамның үміті мен сөздерін әкемнің
Естіп, ұмтылыс болады пайда көргенде жүректегі гүлімнің
Көзін, әсерлі жағымды тітіркену құбылысы ғажап
Ал сезсем алшақтау қатынасты кететін қуатымды қажап
Онда таусылады тылсым күшім еркем, кетемін бос қалғып
Күн-түні алаң болар досым, тұратын жүрек есігін қағып

5 күндік жалған, жалғаны ақиқат болған
Өзімнің ортамда, мен бір дара жан
Бәрі керек қылған, күш қуат сезетін
Жақындарымның жылы сөзі мен жанарынан
Қарапайым күнделік құбылыстардан
Анығын тілеп осы күннің тек бір Алладан
Иманды жүрегіммен шынайы жалбарынам
Сеземін тылсым күш пен қуатты сенгенде анам

Төгілген жасы бұлттардың еңсені түсірмеді менің
Күн бұзды жоспарды кешегі, қадамнан күдіктенемін
Бірақ сеніп келемін қоймай сұрақ... Кімге? Неге?
Әрине өзіме, талай белестің белі шыдамас, үміттенемін
Қазір ойнап тұрған әуен білесің, білемін болымсыз
Шығармама қатысы жоқ, мен өзім де жағымсыз
Тәжірибесіз, ақтарылған бар тілдік сапа, осы рэпім менің
Жеткізеді көкке, акеліп байлық деп жоқ үміттенерім
Қалтам тесік емес, болмасамда су жаңа көлік иесі
Сәл уақыт өте қара да тұр алам барлығын өзіме тиесілі
Бұл қозғалысым қара тыңда қалмасын жұлдызыңдай сөніп
Рэп оқып гүлденеміз жүрекпен жеміс алып өңіп
Қиын күн тусада көніп, иманымыз күш берер
Көне, келседе уақыт о дүниеге аттанып кетер
Әңгіме жараспаған бекер ұсқынсыз жолды тілер
Сенім бар бойда, дайын күтемін ауыр күнді келер

5 күндік жалған, жалғаны ақиқат болған
Өзімнің ортамда, мен бір дара жан
Бәрі керек қылған, күш қуат сезетін
Жақындарымның жылы сөзі мен жанарынан
Қарапайым күнделік құбылыстардан
Анығын тілеп осы күннің тек бір Алладан
Иманды жүрегіммен шынайы жалбарынам
Сеземін тылсым күш пен қуатты сенгенде анам

Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-