Басталды бәрі де, сол бір алдамшы сезімнен Бір өзіңді болашақ, жарым деп сезінгем Ертегі желісінде, құрылған махаббатымыз Тәтті сезімге толған, сол кездегі әр сәтіміз Бақыттың құшағында, сезбедім ащы мұңды Қайталанбас қылықтарың, елесі бүгінгі күннің Тапталды шын сезім, кеттің сен өз жолыңмен Көзден ғайып болсаң да, кетпейсің көңілімнен Саған деген сағынышым, жүрекке маза бермейді Өзгенің құшағындасың, оған да сенгім келмейді Тапқан шығарсың бәлкім, қалтасы қалың теңіңді Жасыл қағазға құмарлық, лайлаған жүрегіңді Сырттай білдірмесем де, іштей қатты күйзелемін Шаршадым, тарылды демім, таба алмай дертімнің емін Үміт үзілді мәңгіге, сезім де сөнді біртіндеп Ертегі аяқталды, бірақ емес "Happy End"