Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Bekzat Sakenuly - Xikmet-ullah | Текст песни

Керемет жазылған өлең. ҚМДБ ұйымдастырған жыр мүшәйрасында бас жүлдеге ие болған. Бас жүлде Жәкен Омаров, Мұхитдин Исаұлы.
Хикмет-уллаһ
Махабатымен күллі ғаламды жаратқан,
«Өзің деп, Алла, күніміз батып, таң атқан.
Махшарды ойлап, мазамыз кетер, я, Рахман,
«Алсақ», деп «орын» момындар тұрған санаттан.

Я, Алла, «Сен!» деп, сыңғырлайтындай бұлақтар,
Сыбдырлайтындай жасыл жапырақ, құрақтар.
Буырқанғанда мұхиттың жалды толқыны,
«Сабыр» деуменен сабаға түсіп тұрақтар.

«Хай-хай» деуменен көктем де көктеп жайқалар,
Ескен желдің де «һу-һу» дегені байқалар.
Әрбір зат «Сен!» деп, зікір салғанда, ой, Алла,
Мендегі жүрек «Сен!» демей, қайдан жай табар.

Жеті қат жер-көк біріне бірі байланар,
Зәредей нәрсе назардан қалмас, жайланар.
Қажыларыңдай Қағбатулланы тәу еткен,
Ай менен жұлдыз айнымай күнді айналар.

Рахметіңді салады еске таң самал,
Азан айтқандай жар салып құстар ән салар.
«Ғазиз» нұрыңның сәулесі түссе жүрекке,
Салих құлдарың тамсанып оны қарсы алар.

Қаһарың беріп хабарын күнде күркірер.
Жер бетіндегі тіршілік біткен дүркірер.
Ғапыл құлдарыңның күнәсін кешші дегендей,
Ақ жауын жауып, көктің көз жасы сіркірер.

Сәжде етіп құлап, жылайды саған ғаріптер,
Сұрайды иман, ұлықтап сені дәріптер.
Бұл ғалам – кітап, жанды мен жансыз бәрі де,
Әр сипатыңды айшықтай түскен әріптер.

Құранға сенген адамзат арып ашымас,
Есірке «Ғаффар», есіміңді айтсақ, кәрі-жас.
Құлшылығымыз құбылып тұрған құлмыз ғой,
Өзіңді Алла өзіңдей ешкім танымас.

Bekzat Sakenuly еще тексты


Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2