Сүйем сені Аппақ қар, келемін көше аралап, Қыс мезгілі шашып тұрғандай махаббат. Көшелер түгелдей ақ түске боялған, Ақ параққа түсіп жатыр сезімдерім оянған.
Ақ мамықтай күндіз күн, түнде ай сұлу, Еш нәрсе тең келмес менің қызым Айсұлу. Шабытым оянып әнге қостым атыңды, Айтар болсаң айтарсың ән шыққан соң датыңды.
Қоспа дейсің есіміңді бірақ, бұл мүмкін емес, Мейлі ұрыссаң ұрыса бер мен үшін бұл ұят емес. Жасырмаймын ешқашан кеудемдегі сезімді, Біз қайтама боламыз көп адамға бұл үлгі.
Адамдар көп бұл өмірде өз сезімін айта алмайтын, Қаншама рет тоқталса да айтуға бата алмайтын. Айту керек сезімді тағыда айту керек, Сонда ғана араңызға нағыз махаббат келеді.
Қ-сы:
Жалғыз сені, сүйем жаным-ау, Жалғыз сені басқаны қаламаймын. Кеудемдегі жалғыз жүректі Саған ғана арнаймын саған ғана.
Мен мысалға уақытында өз сезімді айтып салдым, Менімен бірге болуға өзімше қолқа салдым. Әрине қобалжу, әрине сөз таппау, Әйтіп - бүйтіп әйтеуір, әрең дегенде айттым – ау.
Ал, енді кеттік, 4 – 5 күн ойлану, Өз – өзіңнен тағат таппай тыпыршып қорлану. Не қыл дейді екен? Ия ма әлде Жоқ па? Уайымдама бауыр, жауап береді қорықпа.
Міне осыдан бері 1жыл 7ай болды, Аппақ менің аққуымдай қолыма келіп қондың. Басыма бақ қонды бұрын соңды болмаған, Бұл сіздерге Бердалы өз сезімін толғаған.
Ия Аллам жарылқай көр біз сияқты жандарды, Әр күніне сыйлашы арайлап атқан таңдарды. Дәл осындай жандардың жарық берші өміріне, Оған қоса қосып бер махаббатты жүректеріне.
Қ-сы:
Жалғыз сені, сүйем жаным-ау, Жалғыз сені басқаны қаламаймын. Кеудемдегі жалғыз жүректі Саған ғана арнаймын саған ғана.