Іштегі сырдың бәрін өзіңе ақтарамын Мейлі жолымыз бөлек мен оған қарамадым,қарамайм да Мені салсаң да қара уайымға 1 рет көрсем жетеді сол бейнеңді айына Мені түсіну қиын бірде жүрем көңілді боп Сосын жоғала саламын күн секілді түнде жоқ Мен секілді болма, мен айрылдым қолда барымнан Айырылмасам болғаны тек еркектік намыс арымнан Қай жағынан жарылам Әдетім жоғалту Келмейтін пендені өзіме қайта оралту, Бір күні мен де жатам кілемге оранып, Сендер де алмаңдар мені де жоғалтып. Тұратын баспанам бес қабатты үйде Төменге қарасам бас айналып тұрады кейде Мені сындыратын осы күнге дейін Махаббат Қателігім үшін тура маңдайға тақап ат
Қ-сы
Сен жаным сеен Мені бір сәтке еске алдыңба Мен жалғыз кезіп келем Сенің тұратын бір үй жағыңда Мен жалғыз кезіп келем үй жағыңда
Керегі не? Керегім сен Мені қаламасаң да әлі ерегесем Жанарыңа қарасам басың төмен қарап тұрат Сен қандай жан болсаң да мен өзіңді қалап тұрам Жүректе мендік ұран өзіңді байлау Жүрегім сені таңдат өткізді сайлау Өмірімнің өрнегін әдемі қылып сызып беріп Көңілімнің көктемін көктетіп неге сызып кеттің Жасырып мұңымды айтпаймын саған Өзгертті сені де әдемі қалаң Кінәлі өзім,жазылмас жараң Жараңа ем болып бұйырса барам Өзгердің ұмыту үшін ақымақ балаңды Ұмыту оңайма маған да қараңыз Ұялып сөйлесең кешсең де мені Томпағым рас айтам сүйемін сені
Қ-сы Сен жаным сеен Мені бір сәтке еске алдыңба Мен жалғыз кезіп келем Сенің тұратын бір үй жағыңда Мен жалғыз кезіп келем үй жағыңда