Жүрегім менің - өзіңді іздейді, Келер деп әлі – үмітін үзбейді. Өзіңсіз таңым, атпайды менің жаным, әнім... Есіміңді сенің – қайталаймын күнде Ұмытар деп мені – айта алмаймын мүлде, Жабырқап жаның, жүрсің бе жаным, алыста-а-а, менен!
Қ-сы: Қайталаймын есіміңді жаным, Өзіңмен менің әрбір атқан таңым Қиялдаймын, қатты сағынамын Келсеңші жаным, маған... Саған деген сағынышым – жалын Өзіңе қарай алып-ұшар жаным Қия алмаймын, қатты сағынамын Келсеңші маған, жаным! Келсеңші маған...