Кім бар сендей сұлулығы асқан Шұғыласын бар ғаламға шашқан Байқадың ба өзің жүрген жерлер Бұлттан кейін ашылғандай аспан
Қайырмасы:
Ұқсамайсың сен басқаға мүлде Толған айсың сүттей аппақ түнде Оранасың оянғанда көктем Боянасың қызыл жасыл гүлге Ай көркіндей ажарлысың-ау сен Бұйырасың біле алмадым кімге
Бір күн шыдап жүрегімде арман Сені амалсыз ұшырамын қолдан Кім бар мендей ыстығыңа күйіп Кім бар мендей аязыңа тонған
Қайырмасы: х3
Ұқсамайсың сен басқаға мүлде Толған айсың сүттей аппақ түнде Оранасың оянғанда көктем Боянасың қызыл жасыл гүлге Ай көркіндей ажарлысың-ау сен Бұйырасың біле алмадым кімге