Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

DAGGER x MUFTY - Жар ecігін | Текст песни

Парт 1:
Тәңірі қосқан жар едің сен, жар ете алмай кетіп ең
Ол кезімде бала едім мен, аямасқа бекіп ең
Талақ етіп бұл ғаламды, болды мәлім кеткенің
Кінәсі жоқ адамды қатты соққан не еткенің?

Елжіреген жас емес пе (ем) еппен айтсаң жұбатып
Мен ғашыққа мас емес пе (ем) кетсең еді ұзатып
Сен жаралы жолбарыс ең мен киіктің лағы ем
Тірі қалдым өлмей әрең қатты батты тырнағың

(Бұл) кінә емес, әншейін наз сағынамын айтамын
Досың ақпын тағдыр араз толғанамын қайтемін
Сен шошыдың ғашығыңнан өзге жұрттан қамшы жеп
Мен де сорлы нәсібімнен жатқа тидім «алшы» деп

Жар табылмас сен секілді мен де сендей сорлы зар
Қол – аяғым берік бекілді енді ненің орны бар?
Өз қораңның қақпасын сен қатты жаптың, не айтайын
Жат қораның тақтасын мен жастанамын қайтейін

Қаймақ еді көңілімде бізге қаспақ болды жем
Екі сөз жоқ өмірімде мен де – сорлы бақыты кем
Еш қызыққан арманым жоқ бәрі де бар формының
Біреуіне қанғаным жоқ өзіме аян сорлымын

Қайырмасы:
Жаным ғашық асылымсың
Жар есігін, жар есігін
Сорға біткен ғашығымсың
Неге тым кеш, неге тым кеш

Парт 2:
Жат есікті және қорып жара салма сен маған
Жұрт жамандар жатқа жорып жалынамын мен саған
Үшбу қиял келсе басқа сен жүдер деп мен үшін
Болар еді қайнамасқа мыс қазандай сорлы ішім

Ғашық – ақпын, еш күмәнсіз ырыс емес, сор үшін
Көрісуге шыдамаспыз айрылалық сол үшін
Жарым жақсы киім киіп, келді жанға жылы тиіп
Диуана болды (бұл) көңлім, басылмай бір құшып, сүйіп

Бойым тұр дал болып ұйып, көңілім құс болып шүйіп
Есіркеп сүйгізіп еді, кетіппін жүз есе күйіп
Қылдың арам ойыңды бір бұрмадың мойныңды
Сен ақылмен көңілінді тыйып, жеңдің бойыңды

Мен бұзылып түзеле алман, қайтсін дедеің сорлыңды...
Ата, анам – қара жер, сен аша бер қойныңды
Сенен басқа еш жерден таба алмадым орнымды


DAGGER x MUFTY еще тексты


Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1