Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

DAGGER - Қайсы бірін айтайын (kzsound1_r2) | Текст песни

Қайсы бірін айтайын

Өзгені тыңдап тоярсың, Өлеңді қайтып қоярсың?
Оны айтқанда толғанып, Іштегі дертті жоярсың.
Сайра да зарла, қызыл тіл, қара көңілім оянсың,
Жыласын, көзден жас ақсан, омырауым боялсын.

Қара басқан, қаңғыған, хас надан нені ұға алсын?
Көкірегінде оты бар құлағын ойлы ер салсын.
Тыңдамаса еш адам, өз жүрегім толғансын.
Әр сөзіне қарасын, іштегі дертім қозғалсын,

Әуелесін, қалқысын, от жалын боп шалқысын,
Жылай – жырлай келгенде, арттағыға сөз қалсын.
Мендей ғаріп кез болса, мойын салсын, ойлансын.
Әділ көрсе сөзімді, кім таныса, сол алсын

Не пайда бар – мың надан сырттан естіп таңдансын.
Одан-дағы бір есті ішкі сырын аңғарсын.
Өздерің де ойландар, неше түрлі жан барсын,
Соны көріп, соларға қайсы бірін айтасын.

DAGGER еще тексты


Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-