Ақтабан шұбырынды Ақтабан шұбырынды, қазақ халқының қасіреті, Отан басына күн туған аса қайғылы кезеңі. Тәуке хан қайтыс болғаннан Үш жүзде бірге болмады, Дербестеніп, алшақтап қазақ хандығын әлсіретті. Құба қалмақтар реттеліп, әскерлерін жарақтады, Орыс елімен қатынасын жақсартып қару алады Көктемін жайлауға көшіп қамданған бейқам қазақ Жоңғарлар қалың қолымен тұтқиыл шабуыл жасады.
Тарихшы Алексей Левшин Жоңғардың шабулын жазды Қалмақтар әрқайсы 10 мың, 7 қол қазаққа шапты Олар Балқаш, Қаратау, Көктау бойымен өрледі Нұра өңір қаңға батып, Шелек, Есік көл тапталды Тоқтаусыз Іледен өтіп қазақ жерлерін иемденді Қару күші қатты батып, қазағым күшін бермеді Екпіні қатты шапқыншы аяусыз қырғынға ұшыратып Түркістан, Сайрам, Ташкент қалаларын басып алды
Жоңғардың жойқын шабулынан 100 мың әскерден айырылды Қорғансыз халық шығыны одан әлде қайда көп болды Сол кезде он адамның төртеуі қаза табады Шәкірім Құдайберді бұл деректі де қолдайды Қорғануға мұршасы келмеген ел әлсірейді Талас, Арыс, Сырдария өзен бойында жерлейді Тірі қалғандар енді ата мекенің тастап Тарихта бұрын болып көремеген алапат дейді
Тоз-тоз болған Ұлы жүз Самарқан иеліктеріне көшті Шұбырған халық басымы , көпшілігі Сырдан өтті Кейбір тайпа Қызылқұм, Қарақұм ішіне сіңді Осы тұста халықтың жүрегіде мұңға толды Ащы зар мен ауыр мұңға "Елім-ай" дүниеге келді Қазақтың аққан жерінде бұл әніңде мәң береді Жоңғар шапқыншылығынан Еділ бойы қалмақтары Жайықтың казак-орысы, Оралдың да бащқұрттары Бұқан Хиуа хандары тұс-тұстан шабулдады Қазақ елі тарихта зор зұлматқа тап болады Жер бетінде, ұлт ретінде жоқ болу қаупіне ұшырап Бұл апаттың сырын біліп жасанған жауларды бақты Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаның Қазақтардың еркіндік пен ерлік рухын шыңдады Ұлт перзенттері бардың барлығын басын қосып Қазақ халқы бірікпей тірлік болмайтының ойлады Бөгенбай, Қабанбай, Саурық, Жәнібек Малайсары, Абылай,Әбілқайыр бастаған Қалын ел жоңғарларға қарсы майданды ашады Аңырақай даласында ұлы жеңіске жетеді