Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

▲Daka - Елім менің | Текст песни

Pesni.guru - сайт для Гуру

Елім менің
Сөзі: Нұрсұлтан Назарбаев
Әні: Бекболат Тілеухан

Арайлап таңым, асқақтап тауым,
Ән ойнап көгім, күй тартып көлім.
Қол жетті, міне, аңсаған күнге,
Жасай бер, жаса, қазағым менің.

Қазақстаным – жасыл орманым,
Қуанышымды жасыра алмадым.
Аңсаған бабам, аңсаған елім,
Бостандық еді-ау – асыл арманың.

Е л і м м е н і ң а ң с а ғ а н,
Тас бұғаудан босаған.
Құтты болсын отауың,
Берік болсын босағаң.

Бабамның қаны, анамның жасы,
Сіңген бұл дала, қымбатсың маған.
Береке-бірлік – қамалдың басы,
Ұрпаққа мәңгі тіл қатшы, далам.

Күйінсін жауың, сүйінсін досың,
Жиылсын қауым, құйылсын көшің.
Ертеңің үшін аянба, ерім,
Ояншы, елім, жиылсын есің.

Ұ р п а қ ү ш і н, е л ү ш і н,
Атамекен жер үшін
Берекең мен бірлігің,
Таси берсін ырысың.


Другие названия этого текста
  • Бекболат Тілеухан - Елім менің (1)
  • ▲Daka - Елім менің (0)
  • каз - Елім менің (0)
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-