Өзіңменен бақытты боламын деген арман Айналды арманға жай ғана орындалмаған. Себебін түсінбедім, сондықтан айта алмаймын. Сені де, өзімді де кінәлі деп санамаймын.
Тағдыр бізді екі ағысқа бұрды. Саған сезген менің сезімім неге гүлдей солды. Жарайды болды, қайтадан қайталамаймын. Адамға айналдың қайтадан қайта оралмайтын.
Есіңде ме, бір-бірімізге уәде бергенбіз. Мәңгі қол ұстасып, бақытты боламыз дегенбіз. Сенң уәдеңе шын сүйгеннен мен сеніп қалдым. Дегенмен кақыт өте түсіндім мен алдандым.
Жарайды, аман болшы қайда жүрсең де, Бірге бақытты болу бұйырмады ғой бізге. Кетіп қалсаң да қасымнан сүйемін сені. Бірге болсақ та бұрындары ұмыттың мені.
қ-сы:
Ұмыттың мені, Сүйдім мен сені. Бірақ амалым бар ма? Кетіп қалдың алысқа (х2)
Ұмыттың мені, кетіп қалдың жаным басқамен, Ұмыттың сезімді жүректегі лүпілдеген. Саған мен сенгем қасымда қаласың деп, Сол кезді еске ала қазір қатты өкінем.
Сол өкініш менің жүрегімді жаралайды. Сені көріп қалғанда түрлі ойлар мазалайды. Артымнан қалмайды бұрынғы естеліктер. Бәлкім уақыт өте саған деген сезім өщер.
Мүмкін ұмыттың бақытты болған күндерді, Мүмкін ұмыттың бірге болған түндерді. Айлы аспанда отырушы едік армандап, Бірақ та кетті бәрі мәңгілікке алыстап.
Жарайды бара бер, орал деп жалынбаймын. Күндер өтіп жатыр, бәріне де шыдаймын. Қырандай биік самғаймын қасымда болмасаң да, Саған тілерім менің тек бақыт қана.
қ-сы:
Ұмыттың мені, Сүйдім мен сені. Бірақ амалым бар ма? Кетіп қалдың алысқа (х2)