Эй, бұл қайта мен сенің құлағыңда, Бұл нешінші өлең саған арналған? Хэй ақымағым, не ғоо?? Ойларым бәрі сен туралы, (сен туралы) Ұйқыдан тұра салып, Күні бойы, Тусте, Кеште де. Есімде жоқ бұның бәрі қалай басталғаны, Сені алғаш көргенде есімнен танып қалдым. Көздерің менің жүрегімді жаралады, Сұлулығыңды болса бүкіл әлем қызғанады. Жаныңа жолай алмадым, басым айналатын, Достарым арқылы, телефон номерің. Өзінше батырмын саған смс жазудан, Шындығына келгенде көзіңнен әлсізбін (есіңде шығар) Жынды сияқты сөйлемейтінмін саған) Сөйлеу қабілетім қайта оралғанда, Айтатынмын саған бірнәрселер ағылшынша) (мынау сияқты) Қаншама сәттер сосын сені ойлаумен өтті? Есіңде ме мені талай артыңнан жүгірткенің? Біле білсең сен шыныменде соған лайық едің, Сенің әрбір суретіңе менен демде лайк еді) Былай дейін, қызық болды бәрі кейін. Бәрекелді. Бәрі жақсы. Жанымдасың соған мәзбін. Қолымнан ұста, жіберме ешқашан. Сөз беремін, бақытты боламыз әрқашан) Жындымын сенің жаныңда, Сенің жаныңда, Бірнәрсе бар таңғажайып бақытты қылатын мен сияқты ақымақты)