Шешеге тіл тигізбе (feat. Тарлан)www.vk.com/i_love_moni
Шешеге тіл тигізбе (Елім-ай)
Диди
Шешеге тіл тигізу айналды әдетке Әдет деген жазылмайтын қатерлі індетке Ей бауырым бұл ісің жатпайды әдепке Тіл тигізбе шешеңе мейлі тұрсаң да Шымкентте
Ең мейірімді жан бұл анаң әлбетте Анаңа тіл тигізгенің көрсеткен құрмет пе? Достармен отсаң да бірге,ашулансаң әлде неге Көлікте әлде көшеде сәлем жолдама шешеңе!
Жұмыста немесе үйде, себепсіз де кейде Жұқарған болса да жүйке, тіпті көтеріңкі күйде Байсың ба әлде кедей ме, асыл сөзге жақпа күйе Маған мейлі кім болсаң да аузыңа бол ие!
Іріген ауыздан шіріген сөз шығар жиі Табан асты таптағаның ақылға сыйғызу қиын Бұл сөзімнің мәні болса аузыңа сал тыйым. Ана табанының асты жұмаққа апарар сыйың!