Сазды әуен
1
Сазды әуен жүрегімді жаралайды
Ғашық дерті еріксіз мазалайды
Айдындай асып-тасып жатар едік
Қайтейін акқу құсым қарамайды
Бұл көктем есіп өткен самалымен
Артыңнан қолды созып қалармын мен
Айналып қонбай ұштың айдыныма
Шыгарып салып тұрдым жанарыммен
Қ.с
Айтармын кімдерге мен қаяу мұңды
Көңілсіз өткізермін баяу күнді
Гүлдеген қызғалдақтай әсем бақта
Қалайша қыямын мен аяулымды
(2 рет)
2
Несіне жас жүректі жараладың
Өзің болып едіңғой бар арманым
Қанат талып қонғанда айдыныма
Шығарып салуға мен баралмадым
Амалсыз күндер өтті мен қайтейін
Әніммен ғашықтарды тербетейін
Қимаймын мен өзіңді басқа жанға
Жүректен сезім әнін мен шертейін
Қ.с 2 рет
dj ADO еще тексты
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1