Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

EISDI, SaLa - Тус Кордим | Текст песни


Сен жайлы түс көрдім, түсімді айтсам былай
Бақыттан басың айналып, жүрсің күлімдеп құлай
Екі сәбиің бар, бірінен аумайтын егіз,
Өзіңе ұқсаған сұлу, томпақ екі қыз
Бір өкініштісі жұбайың өзге жан екен
Менің анам емес өзге жан екен енең
Мен қонақ болып барып тұрмын сенің үйіңе
Мені көріп тұрып қалдың табалдырық үстінде
Екі қызың шауып келді аға сәлембердік деп
Мен екеуіне қарап тұрып қалдым елең деп
Сосын бастарын сипап жақын тарттым өзіме
Құлақтарына сыбырладым балмұздақ жейсіңдер ме?!
Балмұздақты сылтауратып шығып кеттім далаға
Көңіл- күйім түсті, қарап айналама
Сосын ұялым шыңғырлады, қарасам жұбайым
Ұялымды көтердім: мен босандым, әке болдың құттықтаймын

Қуаныштан басым айналып, ұмыттым бәрін сол жерде
Перзентханаға тарттым, мініп алып көлікке
Жеттім, үйдегілерде тез екен, бәрі алдымнан атып шықты
Құттықтап шеттерінен ал мен терезенің алдында
Көрсетші деп бақырып тұрмын бақыттан басым айнала
Көрдім сәбиімді, кіп-кішкентай сондай
Содан соң жігіттерге шықтым бәріне хабарлай
Жиналдық кешке, достармен мейрамханада
Оларға жудым да, келдім үй жағыма
Сосын есіме түсті бағанағы балмұздақ
Дүкенге барып алып, бағанағы үйге тарт
Үйдің есігін қақтым аштың сен тағы да мұңайып
Саған қарап күлімдедім, әке болдым деп айтып
Білмеймін неге көзімнен жастың тамғанын
Балмұздақты бердім де, бақытты бол деп кетіп қалдым

Сенің түстерің менсіз, менің сөздерімсіз
Өңімізде біз жүрген жерлер тұр жалғыз екеумізсіз
Кешірерсіз, кедергі болсам өмірге
Екеуміз біргеміз, тек менің түстерімде
Бір түстерімде, жүгіріп келіп құшақтайсың
Хэ, бір кезде ғашық көздеріңмен маған қарайсың
Кетпеші, мәңгі қалшы деген дірілдеген сөздерің
Өкініштісі түс екен
Түске кіресің, кейде тойым болып
Балаларымның анасы болып
Әлемімді күйдірдің кеткеннен кейін
Өзгенің басына бақыт боп қонып
Алғаш кездесіп ғашық болған кезім, түсіме кіреді
Есіміңді айтып, қарап қалғаның, түнімді тербетіп
Қол ұстасып жүр екенбіз жағалауды жағалай
Менің қолымда болса қалар едім оянбай

EISDI, SaLa еще тексты


Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2